05 Қыркүйек, 2024
239
ҚХА мүшелері елордалық Достық үйінде мемлекет басшысының жолдауын талқылады
Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша кездесуі өтті.
Кездесуге Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президентінің Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Парламентінің депутаттары,Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктерінің, ҚХА қоғамдық құрылымдары мен «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында жалпыұлттық бірлікті нығайтуға, азаматтардың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыруға, саяси және қоғамдық өмірді жаңартуға, жастарды патриотизмге тәрбиелеуге, Қазақстан тарихы мен мәдениетін құрметтеуге бағытталған жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президентінің Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов өз сөзінде ҚХА мүшелеріне Ассамблеяның «Жүректен жүрекке» және «Мектепке жол» ауқымды қайырымдылық акцияларына белсенді қатысқандары үшін алғысын білдіріп, Президент Жолдауында айтылған тапсырмаларды іске асырудағы Ассамблеяның қызметі мен рөлін атап өтті.
Сонымен қатар, Президент айтқан негізгі міндеттердің бірі – Қазақстанды жайлы және қауіпсіз өмір сүру аймағына айналдыру Ассамблеяның әрбір мүшесінің міндеті ретінде қарастырылуы қажет екендігі айқындалды. Қоғамда Заң мен Тәртіп қағидатын тереңінен бекітуге ерекше назар аударудың маңызы зор.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы
24 Маусым, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
вчера, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:52
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті