Қазақстан халқы Ассамблеясы

20 Сәуір, 2016

969

«Қазақ елінің тәуелсіздік идеясының рухани және тарихи негіздері»

2016 жылғы 15 сәуір күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің тарих факультетінің ғимаратында «Қазақ елінің тәуелсіздік идеясының рухани және тарихи негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ «Қоғамдық келісім» КММ, ҚХА жанындағы ҒСТ мүшелері және университеттің бір топ ғалымдары мен студенттері қатысты. Іс-шараның мақсаты Қазақ жерінде болған Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына 100 жыл толуына орай азаттық идеясының мәнін зерделеу, оның тәжірибелері мен сабақтарын насихаттау болып табылады.

Іс-шараның модераторы Қ.Жұбанов атындағы университеттің тарих факультетінің деканы, т.ғ.д. доцент С.А.Есқалиев жиынды жүргізіп отырды. Дөңгелек үстел жұмысында тарих және аймақтану кафедрасының меңгерушісі т.ғ.д., профессор Ұ.Ш.Исмагулов «1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің зерттелу мәселелері» тақырыбында, Қазақстан тарихы және тарихи пәндер кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д. доцент Е.К.Медеубаев «Основные этапы дискусии о востании в Центральной Азии 1916 г.; историографический обзор» тақырыбында, әлеуметтік саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымының кандидаты Ү.Қ.Сәрсембин «Ұлттық сана феномені (Қазақ ұлтының тарихи негізінде)» тақырыптарында баяндамалар жасалды.

Сонымен қатар дөңгелек үстелдің жұмысына т.ғ.д. профессор Р.А.Бекназаров, «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ «Қоғамдық келісім» КММ маманы Т.Сапаров қатысып, өздерінің пікірлерін ортаға салды.

 

«Ақтөбе облысының әкімінің аппараты» ММ

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Кейін қарай