
25 Ақпан, 2016
1464
«Қазақстан армяндары тарихы» кітабының тұсаукесері
2016 жылы 23 ақпанда Алматы қаласы Достық үйінде Карапетян Артуш Месроповичтің «Қазақстан армяндары тарихы» атты кітабының тұсаукесері өтті. Осы іс-шараның модераторы Алматы қаласының «Луйс» армян мәдени орталығының төрайымы Микаелян Наринэ болды. Құттықтап сөз сөйлегендер: Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары - Ни Любовь Августовна, «Барбанг» Қазақстандағы күрдтер қауымдастығының төрағасы - Мирзоев Князь Ибрагимович, Қазақстан гректері қауымдастығының төрағасы - Феодариди Павел Иванович, Алматы қаласының «Луйс» армян мәдени орталығы басқармасының құрметті мүшесі - Погосян Альберт Захарович. Іс-шара соңында барлық қатысушыларға «Қазақстан армяндары тарихы» кітабы сыйлаққа берілді.
Алматы технологиялық университетінің профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты, жүзімдік пен жүзім халықаралық академиясының академигі (Франция), «Сананор» басқару және саясат ғылыми-зерттеу институтының құрметті профессоры (Армения Республикасы), «WINNAC ЕLIТЕ» біріккен Қазақстан –Герман өнеркәсібі директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «НАИРИ» Қазақстан Республикасындағы Армян мәдени орталықтары қауымдастығының төрағасы Карапетян Артуш Месроповичтің кітабы – кеңестік кезеңнен осы күнге дейінгі армян халқы мен Қазақстандағы армян диаспорасының тарихын зерттеудегі бірінші қадамы болып табылады.
Бұл кітапта 1937 жылы Қазақстанға «сенімсіз элемент» ретінде Армян КСР-нің Мегрин ауданынан күшпен жер аударылғандардың және арнайы қуғын-сүргінге ұшыратылған армяндардың ауыр тағдырына ерекше көңіл бөлінеді. Кітап негізінде Ресей мемлекеттік әлеуметтік-саяси тарих мұрағаты, Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұрағатынан алынған көлемді құжаттық материалдар жатыр. Қазақстан армяндарының экономика саласындағы, қоғамдық-саяси өмір, білім мен ғылым, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет пен өнер саласындағы жетістіктері кеңінен көрсетілген. Оқырмандардың кең аясына, әсіресе жастарға арналған.
«Бұл кітап түрлі дәуірде армян халқының еркіндік пен ұлттық тәуелсіздігі үшін күрескен, қайғы-қасірет шегіп, қаза болғандарға бас июші ұрпақтар атынан лайықты ескерткіш болғай. Бүгінгі буын келесі буынға өз халқының қасіреті мен азабын қасиетті жәдігер ретінде беруі және өткен тоталитарлық өмірдің ешқашан қайталанбауы үшін шаралар қолдануы шарт. Тарихи әділеттілікті қалпына келтіріп, жазықсыз қаза болғандар, жөнсіз жәбірленгендер мен кемсітілгендер рухына үлкен құрмет көрсету арқылы, біз ұлттық тектілікті, мейірімділік пен адамгершілікті жандандырып, ортақ үйіміз - Қазақстан Республикасын барынша нығайта аламыз» деген сөздермен кітап авторы өз сөзін тәмамдады.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
«Халық әуендері» ноталар жинағының тұсаукесері өтті
-
Астанада қазақ-орыс-ағылшын фразеологиялық сөздігінің тұсаукесері өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен дамудың үш онжылдығы» халықаралық дөңгелек үстел өтті
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
«Халық әуендері» ноталар жинағының тұсаукесері өтті
-
Астанада қазақ-орыс-ағылшын фразеологиялық сөздігінің тұсаукесері өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен дамудың үш онжылдығы» халықаралық дөңгелек үстел өтті