Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Наурыз, 2025

80

«Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен дамудың үш онжылдығы» халықаралық дөңгелек үстел өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында ҚХА-ның 30 жылдығына арналған «Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен дамудың үш онжылдығы» халықаралық дөңгелек үстеліне қатысты.

Дөңгелек үстел барысында спикерлер Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жыл ішіндегі бірлікті,келісімді және мәдениетаралық диалогтынығайтудағы рөлін, сондай-ақ қоғамдық институттың әлеуметтік-саяси тұрақтылықты дамытуға, қоғамдағы бейбітшілік пен өзара түсіністікті қолдауға қосқан үлесін атап өтті.

Шара соңында қатысушылар ҚХА-ның 30 жылдығына орай жоспарланған іс-шараларды және Ассамблеяның қоғамдық жобаларын іске асыру барысын талқылады.

Кейін қарай