02 Наурыз, 2016
2046
«Қазақстан бақыт мекені» атты мерекелік іс-шара
Көз алдымыздағы жасарып бара жатқан ежелгі Тараз қаласының Достық алаңында бірінші рет аталып отырған Алғыс айту күні мерекесі адамдардың бір-біріне рахмет айтуынан басталып, «Қазақстан - бақыт мекені» атты мерекелік іс-шарасымен жалғасты.
Алаңда облыстық драма театрының әртістері қазақ жеріне жер аударылғандар туралы, қазақ халқының қуғын-сүргінге ұшырағандарды қабылдағаны жайлы театрландырылған қойылымды көрсетті. Онда барлық келушілерді қазақ халқы жанашырлықпен қарсы алғаны, олармен бір түйір нанды бөліскені жайлы көрсетіліп және өзге этнос өкілдері Қазақстан жері олардың туған отанына айналғанына құрметпен иіліп, ризашылықтарын білдірді.
Сахнаға Бекназаровтар, Рахымбердиевтер, Ахметовтер отбасылары шақырылып, олардың келіндері енелеріне, енелері келіндеріне рахмет айтып, балалары осындай дамыған мемлекетте бейбітшілікте өмір сүріп жатқанын, оқып - білім алғандығы жайлы ата-аналарына ризашылықтарын білдірді.
Грек, кәріс және неміс этномәдени бірлестіктердің өкілдері ата-аналарының Қазақстанға қандай жағдайда келгендері жайлы естеліктер айтып, жерлестерін мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, алаңда «Үлкен почта» атты акцияда мектеп оқушылары, білімгерлер, ата - аналарына, әжелері мен аталарына, мұғалімдері және достарына құттықтау хаттарын жолдап, микрофон арқылы тілектерін білдірді. Осы жазылған хаттар арнайы конверттер мен үлкен почта жәшігіне салынып, «Жас Отан» ұйымының еріктілері ол хаттарды мекен-жайлары бойынша таратты.
Осы ұмытылмайтын мерекенің қатысушылары «Алғыс айту» кітапшасына бір-біріне құттықтау тілектерін жазды. Мүмкіндігі шектеулі жандар соның ішінде жүзу спортынан бірнеше дүркін чемпион және жүлдегер болған, бірнеше параолимпиадалық ойындарға қатысқан З.Габидулина Елбасына, облыс және қала басшыларына спортпен айналысуға және халықаралық жарыстарда Қазақстанның намысын қорғауға мүмкіншілік жасағаны үшін шын жүректен ризашылығын білдірді. Алаңда орнатылған «Қайырымдылық ағашына» этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері және барлық қатысушылар әртүсті стикерлерге тілектерін жазып ілді. Бұл стикерлер алдағы уақытта Достық үйінің мұражайында сақталатын болады. Сондай-ақ, іс-шара соңы мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты.
Аталған мерекелік іс-шараға мемлекеттік органдардың басшылары, этномәдени орталықтар, қала тұрғындары, жастар, үкіметтік емес ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жалпы саны төрт мыңға жуық адам қатысты.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Ұқсас жаңалықтар
-
Жетісу облысында «Мемлекеттік тіл-достықтың алтын көпірі» облыстық байқауы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Алмасұлы Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысымен кездесуі өтті
-
Қостанай облысында Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл толуына орай іс-шара өтті
-
Ұлтаралық келісім – нәзік ұғым!
-
ШҚО-да «Достық үйі - бейбітшілік және келісім орталығы» атты дөңгелек үстел өткізілді
-
Қарағанды облысында «Медиация, дау-дамайларды реттеу, этномедиация» тақырыбында іс-шара өтті
3 Қыркүйек, 09:54
Әділетті Қазақстанды болашақ ұрпаққа аманат ету – баршамызға ортақ міндет
3 Қыркүйек, 17:51
ҚХА Хатшылығында ҚР Парламенті Сенатының депутаттарымен кездесу өтті
30 Тамыз, 09:19
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Конституция күнімен құттықтауы
30 Тамыз, 08:12
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституция күнімен құттықтауы
31 Тамыз, 07:08
Мерекелік құттықтау
Ұқсас жаңалықтар
-
Жетісу облысында «Мемлекеттік тіл-достықтың алтын көпірі» облыстық байқауы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Алмасұлы Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысымен кездесуі өтті
-
Қостанай облысында Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл толуына орай іс-шара өтті
-
Ұлтаралық келісім – нәзік ұғым!
-
ШҚО-да «Достық үйі - бейбітшілік және келісім орталығы» атты дөңгелек үстел өткізілді
-
Қарағанды облысында «Медиация, дау-дамайларды реттеу, этномедиация» тақырыбында іс-шара өтті