02 Наурыз, 2017
2081
«Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» фестивалі
2017 жылғы 1 наурызда Алматыдағы Достық үйінде Алғыс айту күніне арналған «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты фестиваль өтті.
Іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, ҚХА Төрағасының орынбасары Леонид Питоленко, ардагерлер, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, білім, мәдениет, өнер саласының өкілдері, жастар, БАҚ өкілдері және қонақтар қатысты.
Мерекелік іс-шара барысында Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитариясынан ұсынылған кітап көрмесі, этномәдени бірлестіктердің дайындаған «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты сурет көрмесі және қол-өнер бұйымдары мен ұлттық тағамдар көрмесі ұйымдастырылды.
Алғашқы құттықтау сөзді Алматы қаласы әкімінің атынан орынбасары Арман Қырықпаев сөйледі. Ол өзінің құттықтау сөзінде Алғыс айту күні – бұл ең алдымен азаматтардың бір-бірне деген құрметтері, сонымен қатар Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастауымен Тәуелсіз Қазақстанның құру жолындағы адамдардың қиын кезеңдерді бірге кешіп, бір-біріне қолдау білдіріп, көп күш салғандығының жемісі мен рухани дәстүрдің мейірімділігі, ақ көңілділік пен адамдардың бір-біріне көмектесуге деген құштарлығы екенін атап өтті.
Этномәдени бірлестіктердің атынан «Возрождение» Қазақстандағы немістер қауымдастығының төрағасы А.Ф. Дедерер және «Наири» Қазақстандағы армян мәдени орталығы қауымдастығының төрағасы А.М. Карапетян қазақ халқына алғыс айтып, келген қонақтарға өз тілектерін жеткізді. Сонымен қатар, олар өз сөздерінде Алғыс айту күні – бұл мереке екенін, бұл қиылы замандарда Қазақстанға жер аударған миллиондаған адамдарды бауырына басқан қазақ халқына, қазақ жеріне бас иіп, рахмет айту екенін айтты. Бұл күн – Мәңгілік ел жалпыхалықтық патриоттық идеясының және Қазақстан халқының бірлігінің өзегі болған Қазақстан халқы Ассамблеясының күні екенін де айта кетті.
Фестивальге қатысушыларға арналып этномәдени бірлестіктердің шығармашылық топраты дайындаған «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» шағын концерттік бағдарламасы болды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
-
«Жан DoStar: бір аспан астында» VIII Республикалық өнер фестивалі өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен дамудың үш онжылдығы» халықаралық дөңгелек үстел өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: татулық пен келісімнің 30 жылы» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
6 Шілде, 09:06
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады