Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Қараша, 2015

776

«Қазақстан халқы Ассамблеясы – бірегей азаматтық феномен: құрылу тарихы және қазіргі кезең» тақырыбында өткен дөңгелелек үстелдің хабарламасы.

2015 жылғы 26 қарашада Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің бас ғимаратында осы тақырыпта дөңгелек үстел болып өтті. Оны осы университеттегі Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Н.А.Нұрғалиев жүргізді.

2015 жылғы 26 қарашада Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің бас ғимаратында осы тақырыпта дөңгелек үстел болып өтті. Оны осы университеттегі Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Н.А.Нұрғалиев жүргізді.

Іс-шараны Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқу- әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Т.Ә.Ботағариев ашып, дөңгелек үстелдің өту жоспарымен таныстырды.

Н.А.Нұрғалиев Ақтөбе облысында тұрып жатқан 90-нан астам ұлт өкілдерінің тарихын, тұрмыс-салтын, әдет ғұрыптарын зерттеу-зерделеу мақсатында университте Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы ашылып, онда 5 ғалым ұстаз жұмыс жасайтынын атап көрсетті.

ҚХА кафедрасы меңгерушісінің орынбасары ф.ғ.к Д.А.Мацюк – кафедра оқытушыларының барлығы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-зерттеу тобының мүшелері екендігін, олардың түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізіп отырғанын, Ақтөбе облысындағы ұлтаралық қатынастар туралы 4 халықаралық дөңгелек үстелдің жұмысына қатысып, нақтылы ұсыныстар айтқандарына тоқталды.

Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ж.М.Нұршин Ақтөбе облысындағы ҚХА-ның құрылу тарихы мен қазіргі жұмыстары туралы айтып өтті. Ал, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Г.К.Шерниязова өзі басқарып отырған мекеменің бір жыл ішінде атқарған жұмыстарынан мысалдар келтіре сөйледі. «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе филиалының кеңесшісі Н.Қ.Бұхарбаева ҚХА жұмысы туралы өз ойын ортаға салды.

Университет студенттері Қуандық Самрат, Кенжеғали Камшат, Бибко Остап, Оразбайқызы Сәулет өздеріне берілген тақырыптар бойынша ҚХА-ның бүгінгі тынысы мен келешегі туралы өз жобаларын баяндады.

Дөңгелек үстелдің жұмысын қорытындылағанда философия ғылымдарының докторы, профессор А.А.Айталы бүкіләлемдік тәжірибеден мысалдар келтіре отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарып отырған жұмыстарының үлгі аларлық жақтарын атап қөрсетті.

Іс-шараға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ғалым-ұстаздары, студенттер, «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе филиалының мүшелері, этномәдени бірлестіктер, БАҚ өқілдері, барлығы 70 адам қатысты.

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметі.

Кейін қарай