
30 Қаңтар, 2018
917
«Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуі: экономикалық және саяси перспективалар»
Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жүзеге асыру мақсатында, ағымдағы жылдың 30 қаңтар күні І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының ұйымдастыруымен «Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуі: экономикалық және саяси перспективалар» атты тақырыпта, жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер департаментінің директоры Сериев Болат Абдулдаұлының төрағалығымен дөңгелек үстел отырысы өтті.
2016 жылғы маусымның 28-і тәуелсіз Қазақстан үшін ел өміріндегі ерекше маңызды дата ретінде тарихта қалатыны анық. Күні кеше Қазақстан Республикасы Азия тобы мемлекеттерінің атынан Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясында өткен дауыс берудің нәтижесінде дауыс беруге қатысқандардың арасынан 138 мемлекет Қазақстанның кандидатурасын қолдады. Ал қазақстандық өтінімнің жалғыз бәсекелесі - Таиланд Корольдігі үшін 50-ден астам мемлекет дауыс берген болатын.
Шараға Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ғылыми-сараптамалық топ мүшелері, «Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығының» қызметкерлері, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің оқытушы-профессорлық құрамы, білімгерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Шара барысында, Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас маманы Оралов Әбілқайыр Әбенұлы «Елбасы жолдауы - болашақтың бағдары» атты тақырыпта баяндама жасады. Өз сөзінде, мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған биылғы 22-ші Жолдауы – еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына жаңаша серпін беретін, халқымыздың игілігін, кемел келешегін көздейтін шынайылығымен маңызды құжат, жарқын болашақтың басты бағдары екендігін айтып кетті. Филология ғылымдарының кандидаты, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры Рахипова Сайра Қасымовна «Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуі» жайында, «Қазақстан Орталық Азия елдерінің ішінде Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайланған алғашқы мемлекет атанды. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалық ету жоғары халықаралық мәртебе болып табылады, себебі Қауіпсіздік Кеңесі мәжбірлеу шараларына, экономикалық санкцияларға немесе ұжымдық әскери әрекеттерге қатысты шешімдер қабылдай алады» деді. Алматы облыстық орыс этномәдени орталығы төрағасының орынбасары Котельникова Лариса Леонидовна «Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуі: экономикалық және саяси перспективалар» атты тақырыпта баяндама жасады. Сондай-ақ, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1-курс білімгері Сон Александр, «Есеп және аудит» мамандығының 3-курс білімгері Ан Алина, «журналистика» мамандығының 2-курс білімгері Оразалы Айзада Елбасының Жолдауы жайында үн қосты.
Дата события ассамблеи: 31.01.2018
Ұқсас жаңалықтар
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры және Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі директорымен кездесу өткізді
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры және Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі директорымен кездесу өткізді