Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Ақпан, 2025

103

ҚХА Төрағасының орынбасары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры және Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі директорымен кездесу өткізді

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Е. Әбілмен және Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі директоры Т.Жақияновпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Академияның ҚХА-мен өзара іс-қимылын одан әрі дамытуға қатысты, сондай-ақ Ассамблеяның 30 жылдығына орайластырылған ұсыныстары талқыланды.

Негізгі мәселелердің бірі – Академия тыңдаушыларына оқу процесі мен мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру бағдарламалары аясында этносаралық келісімді нығайтудың маңыздылығын жеткізу болды.

Кейін қарай