
21 Шілде, 2017
1256
Өңірдің тарихи ескерткіштеріне саяхат
2017 жылдың 7 шілдесінде «Туған жер» бағдарламасы аясында «Қамқорлық» әлеуметтік жобаларды дамыту орталығы қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ҚХА «Жас қанат» жастар ұйымы «Туған жерім - туған елім» тақырыбында өңірдің тарихи ескерткіштеріне экскурсия жасады.
Өңірдің тарихи ескерткіштеріне саяхат жасаудағы басты мақсат - жастардың танымдық көз қарасын, ой өрісін, дүние танымын кеңейту, өлкеміздің рухани тарихы мен табиғатын тану, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімді ояту.
Бағыттың қысқаша сипаттамасы экскурсиялық сапар жер асты мешіті Шақпақ ата мен Сұлтан Үпі: Ақтау - Ақшұқұр кенті - Қошқар мазары - Таушық кенті - Кенті баба қорымы - жер асты мешіті – Сұлтан үпі (IX-XII ғ.ғ) – жер асты мешіті Шақпақ ата (X-XIIғ.ғ)
Маршруттың ұзақтығы: 319км
Өлкетану экскурсиясына 15 адам қатысты, экскурсияны жүргізуші көптеген тарихи оқиғаларды, зираттар мен жерасты мешіті Сұлтан Үпі мен Шақпақ ата жайында халық арасында тараған аңыздар туралы көптеген қызықты танымдық фактілермен бөлісті.
Сондай-ақ, жастар Сұлтан-Үпі терең өзен аңғарына түсіп, табиғатын тамашалады. Жастарға алдын-ала фотобайқау өткізілетіндігі ескертілгендіктен, олар сапардағы қызықты сәттерді түсіруге тырысты.
«Туған жерім - туған елім» тақырыбы бойынша ұйымдастырылған фотобайқауда халықтық дауыс беру қорытындысы бойынша:
Бірінші орын - Чебаков Анатолийдің «Изучение истории родного края с Жас Канат» тақырыбындағы суреттері
Екінші орын - Айлақ Гулстанның «А ты сегодня улыбался?» тақырыбындағы суреттері
Үшінші орын – Салахов Орханның «Люби и знай свой край родной!» тақыырыбындағы суреті
Төртінші орын – Цой Тимурдың «Маңғыстауыма жетер ешбір жер жоқ» және «Чиройлі қырғыз қызы» тақырыптарындағы суреттері
Бесінші орын - Алиева Айдананың «Туған жерім - туған елім» тақырыбындағы суреті
Жеңімпаздар дипломмен және мақтау қағазымен, сондай-ақ бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Бұл экскурсия жастардың танымдық көзқарасын кеңейтіп қана қоймай, Отаны туралы білімдерін толықтырып ұйымшыл болуға үйретті.
Дата события ассамблеи: 21.07.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Ақтөбеде ҚХА Хатшылығы өңірдің этномәдени бірлестіктерінің төрағаларымен кездесті
-
«Бір ел» тарихи-ағартушылық жастар жобасы өткізілді
-
Түркістан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихи-ағартушылық «Бір ел» жастар жобасы өтеді
-
Ұлытау облысы Жезқазған қаласында "Бір ел" тарихи-ағартушылық жастар жобасы
-
«Бір ел» тарихи-ағартушылық жастар жобасы
-
Қалалық ассамблея әскери-тарихи музей ауласына экологиялық акция ұйымдастырды
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
Ұқсас жаңалықтар
-
Ақтөбеде ҚХА Хатшылығы өңірдің этномәдени бірлестіктерінің төрағаларымен кездесті
-
«Бір ел» тарихи-ағартушылық жастар жобасы өткізілді
-
Түркістан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихи-ағартушылық «Бір ел» жастар жобасы өтеді
-
Ұлытау облысы Жезқазған қаласында "Бір ел" тарихи-ағартушылық жастар жобасы
-
«Бір ел» тарихи-ағартушылық жастар жобасы
-
Қалалық ассамблея әскери-тарихи музей ауласына экологиялық акция ұйымдастырды