Қазақстан халқы Ассамблеясы

14 Қазан, 2022

316

«Бір ел» тарихи-ағартушылық жастар жобасы

14-16 қазан аралығында Республика күніне орай Ұлытау облысының Жезқазған қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бір ел» тарихи-ағартушылық жастар жобасы өтеді.

Іс-шараның ұйымдастырушылары – ҚР АҚДМ «Қоғамдық келісім» РММ.

Іс-шараға Ұлытау облысының әкімінің орынбасары Ғ.Құсманғали, «Елбасы академиясы» корпоративтік қорының басқарушы директоры М.Жұманбай, «Ассамблея жастары» РҚБ Төрағасы Т.Жұмырбаев, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, «Ассамблея жастары» РҚБ өңірлік штабтарының, республикалық жастар ұйымдарының өкілдері, еріктілер, ауылдық жастар белсенді мүшелері қатысады.

Жобаның мақсаты - жалпы мәдени және ортақ тарихи құндылықтарды сақтауға бағытталған бірегей алаң құру, мәдениетаралық диалогты дамыту, Қазақстанда тұратын этностарды «әралуандықтағы бірлік» қағидаты бойынша біртұтас ұлтқа топтастыру.

Кейін қарай