Қазақстан халқы Ассамблеясы

20 Наурыз, 2024

85

«Ассамблея жастары» белсенділері «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлеріне ұлттық ойындарды үйретті

162 құмалақтан тұратын «Тоғызқұмалақ» және «5 асық» ойындары қазір жас ұрпақ арасында кеңінен таралуда.
Дәл осыны облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жастары Наурызнаманың онкүндігінің жетінші күні - ұлттық спорт түрлері күнінде тағы да дәлелдеді.

Ойын басталмас бұрын белсенділер бір-біріне бұл ойын нелігімен қызық екенін айтып берді, сонымен қатар бұл ойындарды бірінші рет көргендерді ойнауға үйретті.

«5 асық» ойынында қатысушылар өздерінің ептілігін көрсетті. Уақыт тез, көңілді, ең бастысы пайдалы болды.

Кейін қарай