Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Шілде, 2016

1770

«ӘЛЕМ. XXI ҒАСЫР»: АӨСШК ЕЛДЕРІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

2016 жылғы 1 шілдеде Астана қаласындағы Тәулсіздік сарайы жыл сайын өткізілетін Қазақстан халқының достық фестивалі аясында Азиядағы өзара сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) ұлттық-мәдени орталықтарының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Әлем. ХХІ ғасыр»: АӨСШК елдері ынтымақтастығының жаңа перспективалары» атты азаматтық форумы өтті.

 Форумды Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырды.    

Форум модераторы ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов болды. 

Форумның пленарлық отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрі   Арыстанбек Мұхамедиұлы, АӨСШК Хатшылығының атқарушы  директоры  Гунь Цзянвэй мырза, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттық  корпусының, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Қырғызстан мен  Тайландтан келген халықаралық сарапшылар сөз сөйледі.   

Форум барысында мына тақырыптар бойынша панельдік пікір алмасулар өткізілді:

  • «АӨСШК: ХХІ ғасырдағы бейбітшілік пен келісімнің жасампаз институты»;
  • «АӨСШК елдерінің этномәдени бірлестіктері – ынтымақтастық пен достық көпірлері».

Іс-шараларға қоғам қайраткерлері, отандық және шетелдік ғалымдар, ҚР  депутаттары мен мемлекеттік қызметшілері, АӨСШК елдері - Әзербайжанның, Түркияның, Ресейдің, Тәжікістанның, Қырғызстанның, Өзбекстанның, Арменияның және басқа мемлекеттердің Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының басшылары мен қызметкерлері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, Ассамблея және этномәдени бірлестіктер  мүшелері, БАҚ өкілдері қатыты.

Форумның аса маңызды міндеттерінің бірі жалпыұлттық бірлікті одан әрі нығайтуға және қазақстандық бірегейліктің қалыптасуына, этномәдени бірлестіктер өкілдері мен қоғамдық келісім кеңестері мүшелерінің қоғамды жаңғырту процестеріне қатысуын жандандыруға ықпал ету болып табылады. 

Форум аясында ҚХА депозитарийі мен Ұлттық кітапхананың қорынан «XXI ғасыр: қазақстандық бейбітшілік пен жасампаздық бастамалары» тақырыбында кітап көрмесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – Үлкен отбасы» тақырыптық фотокөрмесі, Қазақстан Республикасының Президенті мұрағатының материалдары бойынша «Қазақстан халқы Ассамблеясы: Тәуелсіздік. Бейбітшілік. Келісім» тақырыбында тарихи-деректемелік көрме, «Қазақстан халқының ертегілер әлемі» тақырыбында  ҚХА-ның жаңа басылымының көрме-таныстырылымы ұйымдастырылды.   

Қатысушылар мен қонақтарға «Н.Назарбаевтың қоғамдық келісім және ел бірлігінің қазақстандық үлгісі: АӨСШК кеңістігіндегі тәжірибе» (2015 г.) Форумының материалдар жинағы таратылып берілді.   

Форум жұмысының нәтижесінде АӨСШК елдерінде этносаралық және мәдениаралық диалог саласындағы жұмысты одан әрі жетілдіру, ынтымақтастықты нығайту бойынша біріктіруші алаңдар мен азаматтық институттарды құру жөнінде ұсынымдар тұжырымдалды.

***

Анықтама. АӨСШК шақыру туралы идеяны Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Назарбаев 1992 жылғы 5 қазанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында жария еткен болатын.  Азиядағы өзара сенім шаралары кеңесі (АӨСШК)  Азияда бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық форум болып табылады. 

Адами өлшемдегі ынтымақтастықты нығайту мақсатында жыл сайын  АӨСШК ұлттық-мәдени орталықтарының  форумы өткізіледі.    Форумның мақсаты Орталық Азияда толерантты орта қалыптастыру, АӨСШК елдерінің халықтары арасында мәдениаралық өзара іс-қимыл жасау мақсатында қоғамдық диалог алаңдарын құру, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін зерделеу негізінде тәжірибе алмасу. Форумды жыл сайын өткізу Қазақстан Республикасының бастамасы екенін атап өту керек.

 2008 жылдан бері Форум көп этносты қоғамдағы этносаралық татулық пен қоғамдық келісімнің пәрменді институты болып табылатын Қазақстан халқы Ассамблеясы аясында  өткізіліп келеді. Ассамблея мемлекеттік институттар мен азаматтық қоғам арасындағы байланыстырушы буынға айналды, оның тәжірибесі әлемнің көптеген елдерінде зерделеніп, таратылуда.  Бұл тәжірибе әлеуметтік және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, азаматтық бірегейлікті қалыптастыру және  АӨСШК елдерінің халықтары арасында бірлікті нығайту мәселелерін зерделеу және талқылау үшін билік пен қоғам арасында диалог алаңдарын құру қажеттігін көрсетеді.  Форумның күн тәртібіне бұл диалог алаңына қоғамдық қызығушылықты қамтамасыз ететін қазіргі заманның өзекті мәселелері енгізіледі. 

2014 жылғы 5 мамырда  Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы мен АӨСШК арасында Өзара түсіністік меморандумына қол қойылып, онда  тараптар ынтымақтастығының  негізгі қағидаттары айқындалған болатын. Бұл Меморандум жасау АӨСШК кеңістігінде бейбітшілік, келісім мен руханилық мәдениетін қамтамасыз етудегі ҚХА мен АӨСШК арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайта түсті. 

   

   

Кейін қарай