17 Шілде, 2015
930
«Үлкен ел – үлкен отбасы» қайырымдылық акциясы
2015 жылғы 17 шілдеде сағат 14.30-да Астана қаласындағы «Әл-Ғани» мешітінде («Шұбар» шағын ауданы, Арай көшесі, 33/1) «Астана қаласының өзбек этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен мұсылмандардың «Рамазан айт» мейрамына орай «Үлкен ел – үлкен отбасы» қайырымдылық акциясы өтті.

Қайырымдылық акция қазақстандық біртектілікті нығайту мен біртұтас азаматтық бірлікті қалыптастыруға бағытталды. Акция аясында арнайы дәстүрлі өзбек рецептімен палау пісірілді. Бұл шараға қарттар үйіндегі тұрушылар, жағдайы төмен отбасылар шақырылды. Олардан басқа дәстүрлі өзбек рецептімен пісірілген палауды мешітке келушілер де дәм татты, барлығы 200-ден астам адам болды. Қойдың етінен жасалынған палауға 50 киллограмм күріш, сәбіз жұмсалды.
Мейрамға қарсы, бұл шара аясында, адмадарға деген қамқорлығын көрсету және олардың көңіл күйін көтеру үшін қарттар үйінде тұрушыларға және жағдайы төмен отбасыларға арнайы тәттілер, печенье, өзбектің тандыр наны және тағы сыйлық ретінде үйлестірілді.
Қайырымдылық акциясына ҚР Парламентінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ мен Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, этномәдени бірлестіктердің басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
____________________
«Қоғамдық келісім» РММ Баспасөз қызметі:
тел. +7(7172) 74-12-15, 74-12-13
E-mail: info_rgy@mail.ru
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
7 Шілде, 21:16
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті