23 Ақпан, 2016
887
«...Өлсем қызыл гүлдер өссін қаныма…»
21 ақпан күні Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында атақты татар ақыны, батыры Мұса Жәлелдің 110 жасқа толуына арналған әдеби кеш өтті. Кештің ұйымдастырушылары – Г.Курмашев атындағы татар жексенбілік мектебінің оқушылары.
Татар патриот-ақыны Мұса Жәлел татар халқының мақтанышы екені сөзсіз. Оның шығармашылығы әлемнің бірнеше тілдеріне аударылған, ақын өлеңдері ұмытылмайды. Мұса Жәлел – тек ақын емес. Өзінің шығармашылығымен, қайғылы өлімімен ол әлемдік ауқымда ұлылығын дәлелдеген.
Жексенбілік мектеп оқушылары ақын Мұса Жәлелдің қайғылы, қысқа, әрі жарқын тағдыры жайлы сөз етті. Ақынның өлеңдерін татар, орыс тілдерінде жексенбілік мектеп оқушылары Ядгарова Эльмира, Гайнутдинова Римма, Марданова Арина, Гатауллин Расим, Абдрахимова Рамиля, Айткулова Альфия жатқа оқыды. Бейжай қалған жан болмады. Ақынның өлеңдері бірде жанға күлкі сыйласа, енді бірде көзге жас келтірді. Сонымен қатар кеш қонақтарына қатыгез фашистік жендеттердің бейкүнә жандарға жасаған айандықтары жайындағы «Варварство» атты бейнеклип көрсетілімі болды.
Мұса Жәлелдің атымен қоса, Ақтөбе қаласындағы алғашқы татар мектебінің директоры Гайнан Курмашевтың есімі де құрметпен еске алынды. Г.Курмашевтің наградасы - 1 дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордені ол қайтыс болғаннан тапсырылған. «Шатлык» татар-башқұрт этномәдени бірлестігі төрайымының орынбасары Акчурина Нурия Асхатовна: «Г.Курмашев есімі біздің татар жексенбілік мектебі мен қаламыздың бір көшесіне берілген»,- деп зор мақтанышпен атап айтты.
Кешті Г.Курмашев атындағы татар жексенбілік мектебінің оқытушысы Насибуллина Сания Ахмедсафаровна Мұса Жәлелдің өлең шумақтарымен қорытындылады:
«Поэты молчат, за них говорят строки оборванные пулей.
За них стихи продолжают сегодня жить, любить и бороться.
Пусть же эти люди будут всегда близки нам, как друзья, как родные!
Память о них навсегда останется в наших сердцах!».
Қатысушылар Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Жеңіс күні үшін оларға тағзым етейік!
«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Қызылорда облысы
-
ҚЫЗЫЛОРДА Қ. АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02