Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Қараша, 2024

57

ҚЫЗЫЛОРДА Қ. АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

22 қараша күні Қызылорда қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық Аналар кеңесінің қорытынды отырысы өтті.

Аталмыш іс-шараға Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Әбілдаев, облыстық ҚХА жанындағы қала және аудандық Аналар кеңесінің төрағалары мен мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.

Қатысушылар алдымен әзірленген «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттен қолдау алған аналардың көрмесімен танысты.

Облыстық Аналар кеңесінің төрағасы Айгүл Мұсабаева Қызылорда облыстық ҚХА жанынан Аналар кеңесі құрылған күннен бастап отбасы құндылықтарын нығайту, ұлттық рухты қалыптастыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп келе жатқанын атап өтті.

Жиын барысында Сырдария аудандық Аналар кеңесінің төрағасы Балшекер Өтегенова, Шиелі аудандық Аналар кеңесінің төрағасы Патима Махамбет және Жалағаш аудандық Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Гүлдаш Тоқпанбетовалар өз тәжірибелерімен бөлісті.

Жиын барысында облыстық Аналар кеңесінің белсендісі Бақтыгүл Мұсағалиева денсаулық сақтау саласындағы жемісті еңбегі үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы Республикалық Аналар кеңесінің 10 жылдығына орай өскелең ұрпақты тәрбиелеу және ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу саласында белсенді еңбектері үшін бірқатар аудандық Аналар кеңесінің төрағалары Қызылорда облыстық әлеуметтік даму басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Кейін қарай