
26 Наурыз, 2016
2356
«Ұлттық тағам фестивалі»
2016 жылдың 23 наурызында облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен және барлық этномәдени бірлестіктердің қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының салтанат залында дәстүрлі «Ұлттық тағамдар фестивалі» өтті. Мерекеге облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Қ.Айтбаев пен облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ж.Нұршин қатысты.
Салтанат залы мерекелік безендіріліп, зал ортасында «Бірлік ауылы» баннері орнатылды. Сонымен қатар мол дастарханды қазақша киіз үй орнатылып, ұлттық нақыштағы, ұлттық тағамы мен ыдыс-аяғы қойылған 16 этномәдени бірлестіктің дастархандары жайылды. Іс-шара қонақтарына қазақ киіз үйі, орыс, әзірбайжан, украин, татар-башқұрт, өзбек, болгар, неміс, кәріс, грек, шешен, поляк, еврей, армян, беларус дастархандары жайылды.
Бұрынғы заманнан шәй ішу – сыйластық, қонақжайлылық, бір-біріне сенім білдіру, түсіністік таныту символы болып саналып келеді. Осыған орай, іс-шараның мақсаты барлық ұлт өкілдері арасында мәдениет пен достықты бөлісу үшін, облыстық Достық үйінің 19 ЭМБ «Наурыз мейрамы» атты бейбітшілік және келісім фестивалін өткізу арқылы, шәй дәстүрін өзге ұлт өкілдерінің бір-бірімен жақын танысып, достық пен келісімін нығайту болып табылады.
Құттықтау сөзбен облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Қ.Айтбаев пен облыстық ҚХАХ меңгерушісі Ж.Нұршин, барлық этномәдени бірлестіктердің төрағалары сөйледі. ЭМБ шығармашылық ұжымдары халық әндерін айтып, би биледі. Іс-шара мерекелік жақсы көңіл-күйде өтті.
«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз ақпараты
Ұқсас жаңалықтар
-
Петропавл: М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-де татар мәдениеті күндері өтті
-
Жаңа жыл – әлем халықтарының отбасылық мерекесі
-
Өскеменде ұлттық тағамдар әзірлеуден алғаш рет сайыс өтті
-
Әзірбайжан асханасы таныстырылды
-
Таразда Ұлттық тағамдар фестивалі өтті
-
Петропавлда алғаш рет жүзім фестивалі ұйымдастырылды
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
вчера, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
вчера, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
Ұқсас жаңалықтар
-
Петропавл: М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-де татар мәдениеті күндері өтті
-
Жаңа жыл – әлем халықтарының отбасылық мерекесі
-
Өскеменде ұлттық тағамдар әзірлеуден алғаш рет сайыс өтті
-
Әзірбайжан асханасы таныстырылды
-
Таразда Ұлттық тағамдар фестивалі өтті
-
Петропавлда алғаш рет жүзім фестивалі ұйымдастырылды