30 Қыркүйек, 2015
2336
«Ұлы Дала Елі» экспедициясы Сыр елінде жалғасуда (үшінші күн)
28 қыркүйекте “Ұлы Дала Елі» экспедициясының Сыр еліндегі жұмысы Сырдария ауданында жалғасты. Экспедиция мүшелері Қалжан ахун медресесінде зиярат етті. Ауыл ақсақалдары жергілікті жердің тұрмыс-тіршілігі мен Қалжан ахунның өмір деректерімен таныстырды. Баба рухына құран бағыштап, қасиетті жердің сырына қаныққан топ Ұлы жеңістің 70 жылдығы мен алдағы қарттар күніне орай Тереңөзек кентінің ардагерлері М.Ержанов пен Я.Тасыровтың отбасында болып, тонометр құрылғыларын табыстап, олардың баталарын алды.

Бұдан соң ауданның Шіркейлі ауылы маңайындағы Қос асар археологиялық ескерткішінде жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстарының барысымен танысты. Экспедиция мүшелері қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан археологтармен кездесіп, қазіргі кезге дейін табылған және жұмыс барысында сыры толық ашылмаған дүниелер төңірегінде әңгімелесті.
Экспедицияға қатысушылардың келесі нысаны – Сырдария ауданының Нағи Ильясов ауылы болды. Ауылдың мәдениет үйінде жергілікті тұрғындармен кездесу болып өтті. Экспедицияға үлкен қызығушылық танытып, оның құрамына енген Ғылыми-сарапшылық Кеңестің мүшесі, республикалық «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, саясаттанушы Дос Көшім «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» экспедициясының бағытын қолдайтындығын, Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында ҚХА тарапынан бұл көтеріліп отырған бастаманың өте орынды екендігін айтты. Кездесу соңында «ТЕҢДЕССІЗ СЫЙ» акциясы аясында жергілікті кітапханаға кітаптар тарту етілді.
Осы күні «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» республикалық тарихи-мәдени экспедициясына қатысушылар Қызылорда облыстық коммуникациялар орталығында брифинг өткізді. Брифингті Қазақстан халқы Қызылорда облыстық ассамблеясы хатшылығының басшысы Л.Төрешова жүргізді. Оған қоғам қайраткері, саясаткер, Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Дос Көшім, «Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Уәлихан Ибраев, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Өтеубай Қожақов, Қазақстан Жазушылар одағы Қызылорда облыстық филиалының төрайымы Қаршыға Есімсейітова, «Сыр медианың» ақпараттық-талдау орталығының директоры, саяси ғылымдар кандидаты Сәулет Сахиев, облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесінің аға ғылыми қызметкері Азамат Есқалиев, осы мекеменің ғылыми қызметкері, тарих магистрі Еркебұлан Елеуовтер қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумының пленарлық отырысы өтті
-
Көкшетауда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» форумы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім жолымен» халық экспедициясы» жобасы аясында II пресс-тур бастау алды
-
ҚХА-НЫҢ «БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫМЕН» ХАЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ – ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА
-
ҚР мемлекеттік наградаларымен және ҚХА қоғамдық наградаларымен марапатталған ҚХА мүшелерін құттықтаймыз!
8 Тамыз, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
7 Тамыз, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды