01 Қазан, 2015
1379
«Ұлы Дала елі» экспедициясы Сыр елінде жалғасуда (төртінші күн)
29 қыркүйек күні «Ұлы Дала Елі» республикалық тарихи-мәдени экспедициясының Қызылорда облысы бойынша мүшелері төртінші күнін Шиелі ауданына қарасты Оқшы Ата мазарында зиярат етуден бастады.
29 қыркүйек күні «Ұлы Дала Елі» республикалық тарихи-мәдени экспедициясының Қызылорда облысы бойынша мүшелері төртінші күнін Шиелі ауданына қарасты Оқшы Ата мазарында зиярат етуден бастады.
Сыр бойы халқы Оқшы Атаны әулие санайды. Оқшы ата жөнінде ел ішінде аңыз әңгімелер өте көп. Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкері Б.Әбуов осы аңыз әңгімелердің бірқатарын экспедицияға баяндап берді. Бұл қорымда Оқшы Атамен бірге Асан Ата, Есабыз, Ғайып ата, Қыш ата, Досбол дат, Бала би сияқты ел ардақтылары орналасқан.
Келесі нысан Шиелі ауданындағы ақ күріштің атасы Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихи музейі болды. Музей үш бөлімнен тұрады: 1) «Сыр өңіріндегі күріштің даму тарихы». 2) «Ыбырай және оның жетістіктері». 3) «Тәуелсіздік» бөлімі. Экспозицияға археологиялық, этнографиялық, мүсін, суреттер, құжаттар, кітаптар және қолөнер бұйымдары қойылған. Күріш өсіруден дүниежүзілік рекордтың иесі болған Ыбырай атаның жүріп өткен жолы - бүгінгі жас ұрпаққа нағыз еңбек өнегесі.
Бұдан соң экспедиция мүшелері аудан орталығындағы «Нұр Отан» партиясының Шиелі аудандық филиалының ғимаратында халықпен кездесу өткізіп, Шиелі ауданы бойынша жұмысын қорытындылады.
Экспедицияның Қызылорда облысы бойынша аяқталу нүктесі - Жаңақорған өңірі.
Қыпшақ империясының астанасы болған ежелгі Сығанақ қаласының орнында жергілікті тұрғындар экспедиция мүшелерін үлкен ықыласпен күтіп алды. Бұл киелі жерде археологиялық қазба жұмыстары барысында көптеген ежелгі дәуір жәдігерлері табылған. Солардың бірқатарымен ауыл ақсақалдары жан-жақты таныстырып кетті.
Жаңақорған кентіне келіп, жергілікті халықпен, зиялы қауым өкілдерімен, ақсақалдар, жастармен кездесу өткізілді. Бұл кездесудің ерекшелігі - Жаңақорған жерінің тарихи жерлерін, нысандарын таныстыру мақсатында көрсетілген слайдтар болды. Экспедиция тарапынан аудандағы бірқатар Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне тонометрлер беріліп, аудандық кітапханаға кітаптар табысталды.
Экспедиция жұмысы қыркүйектің 30-ында Хорасан ата мазары мен ежелгі Сауран қалашығында аяқталып, қорытындыланды.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумының пленарлық отырысы өтті
-
Көкшетауда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» форумы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім жолымен» халық экспедициясы» жобасы аясында II пресс-тур бастау алды
-
ҚХА-НЫҢ «БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫМЕН» ХАЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ – ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА
-
ҚР мемлекеттік наградаларымен және ҚХА қоғамдық наградаларымен марапатталған ҚХА мүшелерін құттықтаймыз!
сегодня, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
вчера, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты