17 Қыркүйек, 2015
1342
«Ұлы дала елі» экспедициясының Павлодар облысындағы соңғы күні
2015 жылғы 17 қыркүйекте «Ұлы дала елі» экспедициясы республикада ғана емес, одан да тыс жерлерде жақсы белгілі Екібастұз ауданына келді. Экспедиция қазақ мемлекеттілігінің бастауына тікелей қатысы бар Ақкөл-Жайылма өңіріне ат басын тіреді.

Тап осы жерде Алтын Орда дәуіріне жататын ірі кесене табылған. Біздің эрамыздың XIV ғасырына жатқызылатын кесене Сарыарқа аумағындағы аса ірі археологиялық ғимараттардың бірі болып табылады. Қабырғаларының қалыңдығы 1 метрден асатын, ал биіктігі 5 метрдей болатын ғимараттың төбесі сегіз қырлы күмбезбен көмкерілген. Кесене қабырғалары сәнді тақтайшалармен және оюлы кірпіштермен безендірілген.
Мұнда жерлеу рәсімдері XIV-XVI ғасырларға тән исламға дейінгі жерлеу рәсімдерінің элементтері араластырыла, мұсылман дәстүрімен жүзеге асырылған.
Көшпелі ақсүйектер жерленген зираттар бұл аумақта XIV ғасырда Жошы ұлысында мемлекеттік дін мәртебесіне ие болған исламды қабылдаған дала аристократтары өмір сүргенін көрсетеді.
Ортағасырлық билеушінің Орда-базары: дін басыларынан, емшілерден, қолөнешілерден, қызметшілерден, күзетшілерден бастап, сауда-айырбас операцияларын жүзеге асыратын саудагерлерге дейін қамтитын қажетті инфрақұрылым болған. Бұл аумақта тауар-ақша қатынастары дамуының бір дәлелі – археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде алтынордалық тиындардың (монеттердің) табылуы. Осылайша, зерттелетін объектіні бірінші кезекте құрамына Солтүстік-Шығыс Қазақстанның көшпелі тайпалары кіретін ортағасырлық ұлыс билеушілерінің жазғы ставкасы-ордасы ретінде қарауға болады.
Сондай-ақ өңірде әулиелі жерлер өте көп. Экспедиция Көлебе батырдың зиратына, Түйте әулиенің ескерткішіне, Исабек ишанның зиратына, Әулиеталға, Жеміс атаның зиратына зиярат етті.
Әбеуова Еңлік, тарих магистрі,
ПМПИ археолиялық-этнологиялық және
палеонтологиялық зерттеу орталығының ғылыми қызметкері
Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КМУ медиа қамтамасыз ету бөлімі
Ұқсас жаңалықтар
-
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
9 Қыркүйек, 09:14
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:51
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті