01 Қазан, 2015
1435
«Ұлы Дала Елі» экспедициясының Сыр еліндегі соңғы күні
30 қыркүйек күні экспедиция тобы өз жұмысын Жаңақорған ауданының Хорасан ата мазарында зиярат етуден бастады.
30 қыркүйек күні экспедиция тобы өз жұмысын Жаңақорған ауданының Хорасан ата мазарында зиярат етуден бастады.
Сыр жерінде қасиетті бабаларымыздың мазарларының көптеп кездесуі бабаларымыздың ғана емес киелі жеріміздің қасиеттілігін айшықтауда. Хорасан ата мазары ауласының өзі ерекше табиғатымен көзге түсіп, тылсым дүниені сездіргендей.
Жергілікті шырақшы және тұрғындар бастаған топ өкілдері бабамыз жайлы мазмұнды әңгімемен бөлісіп, экспедиция өкілдерімен бірге Хорасан ата рухына құран бағыштады. Аралап келген біршама елді мекендерден бұл мазардың ерекшелігі - осында қасиетті қағбаның көшірмесінің орналасуы.
Бұл қасиетті жердің өзіндік аңызы бар. Аңыз бойынша бабамыз Араб еліндегі қасиетті қағбаны қазіргі көшірмесі тұрған орынға бір тылсым күш арқылы әкеліп қойған, бірақ қасиетті қағба дүниеде тек бір дара ғана болуы керек деп, оны орнына апарған екен. Міне, сол қағбаның тұрған жерінде қазіргі қағбаның көшірмесі орналасқан екен. Қасиетті жердің топырағын басып, құдығының жанға дауа болар суынан сусындаған «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» экспедициясының мүшелері тарихта өзіндік орны бар, Ақ Орда хандығының астанасы болған ортағасырлық Сауран қаласына аттанды.
Сырдың әр аймағының тарихы тым терең екендігіне «Ұлы Дала Елі» тарихи-мәдени экспедициясы барысында тағы бір көз жеткіздік. Қазақ елінің тарихында өшпестей мәңгілік орын алған Сауран қаласының қамалы осы заманға дейін сақталған. Ортағасырлық басқа қалаларға қарағанда бұл жер өзінің болмысын сақтап қалған. Техниканың дамымаған ғасырында осыншалықты мықты қамалдар салған бабаларымызға тамсанбасқа, олармен мақтанбасқа болмас. Осылайша қазақ хандығының қырларын біліп, көріп қана қоймай экспедиция барысында қазақ екендігімізді мақтан тұттық. Енді экспедиция эстафетасы 1 қазан күні қасиетті Түркістан жерінен Оңтүстік Қазақстан облысына табысталмақ.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
6 Шілде, 09:06