Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Қыркүйек, 2015

1410

«ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ЖЕЗҚАЗҒАНДА

25 қыркүйек күні экспедиция мүшелері, ең алдымен Жезқазған қаласы тарихи-археологиялық музейінде болды. Музей қызметкерлері XIX-XX ғасырлар басындағы қазақ ұлттық киімдері мен музей қорындағы сирек экспонаттардың көрсетілімін ұсынды. Жергілікті тұрғындармен кездесу кезінде Қазақ хандығының құрылу кезеңі, сол замандағы ұлттық салт-дәстүр, ұлттық киімдер мен тағамдар және этнография саласын қамтыған ашық сұхбат өтті. Мұражайдағы экскурсия барысында эскпедиция мүшелерін «Бұланты шайқасының» әсерлерімен таныстыратын диорама өте қатты қызықтырды.

Мұражайдың мәжіліс залында «Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық келісім мен ұлттық бірлігінің қазақстандық үлгісі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Әрі қарай эскпедиция мүшелері Жезқазған қаласының әкімі Батырлан Ахметов пен мәслихат хатшысы Сәбит Медебаевпен жүздесті.

Кездесу аяқталғаннан кейін эскпедиция Жошы хан, Алаша хан және Домбауыл кесенелеріне жол жүрді. 

Жошы хан кесенесі – қазақ халқының сәулет өнеріндегі ең маңызды ескерткіштердің бірі екені сөзсіз. ХІІІ ғасырда соғылған кесене Ұлытау ауданында орналасқан.

Ұлытау мекені бағзы заманнан көшпелі тайпалардың жайлы жайлауы болғаны тарихта жазылған. 1228-1230 жылдар аралығында хан Жошы мен оның балаларының ордасы осы жерде орналасқан.

Аңызға сенетін болсақ, дәл осы Ұлытау өлкесінде 1227 жылы аңшылық кезінде жұмбақ жағдайда Шыңғысханның тұңғыш ұлы – Жошы өмірден озған.

Қазақ жеріндегі ең танымал ескерткіштердің бірі – Алаша хан кесенесі. Малшыбай ауылына жақын жердегі Қаракеңгір өзенінің аңғарында орналасқан. Қабірді халық шеберлері XI-XII ғасырларда “Алты алашты” құраған тайпалардың түп атасы – Алаша ханның құрметіне тұрғызған.

Орталық Қазақстанда орналасқан ең көне тарихи жәдігер – Домбауыл кесенесі. Ғалымдардың айтуы бойынша, Қаракеңгір өзенінің сол жағалауында орналасқан Домбауыл кесенесі ғұн тайпаларының әмірлігі кезінде соғылған. Аңыз әңгімелердің бірінде кесене Домбауыл есімді ұлы жауынгер және сырнайшының құрметіне салынған деседі.

Экспедиция келесі күндері Жаңаарқа ауданында орналасқан Жұбан ана ескерткіші мен Долинка елді-мекеніндегі саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайында болып қайтпақ.

Қарағанды облысы әкімі аппаратының

"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі

тел., WhatsApp: +77024190203

e-mail: kelisim@bk.ru

Кейін қарай