15 Наурыз, 2025
198
Бір апта бойы өткен этномәдени бірлестіктердің басшылары үшін практикалық-бағдарланған курс аяқталды
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде бір апта бойы өткен этномәдени бірлестіктердің басшылары үшін «Азаматтық қоғам өкілдерімен жұмыс кезінде басқарушылық, коммуникациялық дағдылар мен құзыреттер» практикалық-бағдарланған курс аяқталды.
Қатысушылар мемлекеттік органдармен, азаматтық қоғам институттарымен және БАҚ-пен өзара іс-қимылдың тиімді тетіктерін зерделеді, сондай-ақ басқарушылық және коммуникативтік құзыреттерді жетілдірді.
Курстың соңғы күніне «ҚХА шаңырағы астында 30 жыл: оның дамуының жаңа перспективалық тректері» атты дөңгелек үстел аясында белгілі сарапшылардың сөз сөйлеуі кірді. Қатысушылар алдында «Вайнах»Қазақстан шешендері мен ингуштары қауымдастығының» тең төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, Ұлттық Құрылтай мүшесі Ахмед Мурадов және «Қазақстанның Орыс, славян және казак ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Владимир Божко сөз сөйлеп, этносаралық өзара іс-қимыл саласындағы практикалық тәжірибелерімен және ҚХА дамуының жаңа перспективалары туралы көзқарастарымен бөлісті.
Бағдарлама соңында курс ұйымдастырушылары - «Шаңырақ» Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедралары қауымдастығы» РҚБ және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ, қатысушыларға курстың сәтті өткендігін растайтын сертификаттар табыс етті.
Курс этномәдени бірлестіктердің басшыларына тәжірибе алмасуға, жаңа білім алуға және этносаралық қатынастар саласындағы өзекті трендтерді талқылауға мүмкіндік беретін маңызды білім беру және пікірталас алаңына айналды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
6 Шілде, 09:06
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
7 Шілде, 21:16
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті