Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Ақпан, 2016

1027

«Өмір алауы» ерлік сабағы

Петропавл қаласындағы машина жасау колледжінде  суденттерге батыр қала - Ленинградтың қоршаудан босатылғанына 72 жыл толуына арналған «Өмір алауы» ерлік сабағы өткізілді. Осы іс-шараны дайындау және өткізуге колледж оқытушыларының ұжымы, «Русская община Казахстана» ҚБ СҚФ және «Братство сибирских казаков» ҚБ қатысты. Болашақ жұмыс табының өкілдері, жас ұрпақпен кездесуге «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған Ирина Васильевна Седельникова шақырылды.

Ирина Васильевна өз сөзінде дұшпандар қоршап алған қалада тұрған сұмдық уақыт туралы естеліктерімен бөлісті. Ол студенттерге сол қорқынышты соғыс туралы, тың еңбекшілерінің батырлық істері туралы, қамаудағы Ленинград тұрғындарының ауыр да қиын сынақтардан өтуі туралы, өз Отанын қорғаған сарбаздар туралы сөз етті және жастарды жерімізде бейбітшілікке жету қымбатқа түскенін әрқашан есте ұстауға шақырды.  «Русская община Казахстана» ҚБ төрағасы Николай Авдеев өз сөзінде тек бірыңғай рух, қайсарлық және болашаққа деген сенім жауға төтеп беруге және нацистік Германияны жеңуге көмек бергенін еркше атап өтті. «Братство сибирских казаков» ҚБ Виктор Таранов халықтың бірлігі мен ынтымақтастығы, соғыс жылдарындағы сарбаздар мен бейбіт  тұрғындардың теңдесі жоқ ерлігі тақырыбын тілге тиек етті.  

Қазақ халқы бүкіл ел болып иық тіресе соғысып, сол қасиетті соғыста жеңіске жетті.

10 мыңнан астам сарбаз Солтүстік Қазақстанда құрылған ІІ дәрежелі Кутузов орденді Кингисепп 314-атқыштар дивизиясында соғысты. Әйгілі ақын Жамбыл Жабаев жазған  «Ленинградтық өренім!» («Ленинградцы, дети мои!») өлеңі бүкіл әлемге мәлім. Жаңа ерліктерге шабыт берген, өз-өзіңе деген сенімді арттырған, дұшпандармен ажалды шайқасқа түсуге шақырған бұл өлеңді СҚМУ Тіл және әдебиет институты қазақ филологиясы кафедрасының студенті Нұрлыбек Айбол көтеріңкі рухпен оқыды.

Қоршауда қаза болған және сол сұрапыл соғыстан оралмаған барлық қала қорғаушылары бір минут үнсіздікпен еске алынды.

Музыкалық әрлеу ретінде әскери тақырыпта әндер шырқалды. Оларды «Звонница» орыс және казак әндерінің хоры орындады.

Ерлік сабағын қорытындылай келе  машина жасау колледжінің директоры Анатолий Фурманюк өскелең ұрпақ ленинградтықтар ерлігін мәңгі есте сақтайтынына және оған сүйсінетініне сенім білдірді. Біздің парызымыз – өз Отанымызды олар сияқты сүю және олар үлгермеген жарқын істерді жалғастыру.

Кездесу соңында қонақтарға экскурсия өткізіліп, олар колледждің техникалық базасымен танысты.  

   

Галина Кузьмина.

Кейін қарай