24 Желтоқсан, 2019
1304
БҚО мен Саратов облыстарының іскерлік орталары бейнеконференция арқылы ынтымақтастықты дамыту болашағын талқылады
Оралдағы Достық үйінде Саратов облысымен бейнеконференция режімінде дөңгелек үстел өтті.
Шараға Батыс-Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары, мекеме-кәсіпорындар мамандары және Саратов облысының экономикалық даму министрлігінің, экспортты қолдау орталығының, экспорттық бағыт ұстанған шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының өкілдері қатысты.
Басқосу барысында қос облыстың көлік, туристік және білім беру қызметтерінің экспортын дамыту мәселелері кеңінен талқыланды. Ақ Жайық өңірі үшін экономиканы дамыту және инвестиция тартуда кәсіпкерліктің экспорттық әлеуетін арттыру ерекше маңызға ие екенідігі анық.
БҚО ҚХА жанындағы кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Болат Сәрсеновтың айтуынша, Саратов облысындағы әріптестермен бірге «Іскер достар клубы» құрылған. Сол клубтың отырыстарында қос тараптың кәсіпорындарының экспорттық бағыт-бағдарын, экспорттың «өсу» нүктелері саналатын экспорттық қызметтердің түрлі бағыты талқыға салынады.
Саратов облысының «Қызметтер экспорты» атты федералдық жобасы арқылы дамудың жаңа жолдары қарастырылып, көлік, туристік қызмет және білім беру, ғылым экспортын дамытудың келешегі, әлеуеті мен оларды іске асырудың бағыттары айқындалған.
«Бастама біздің тараптан болды. Өйткені біз Саратов облысымен әріптестік байланысты нығайтуға мүдделіміз. Бұл облыс қазіргі уақытта Ресейдің ауыл шаруашылығы, ет өндірісі, өнім өңдеу салалары бойынша алда келе жатқан өңірлердің бірінен саналады. Осындай байланыстың нәтижесінде жергілікті кәсіпорындар өз өнімдерін Ресей нарығына шығарады және керісінше ресейлік кәсіпкерлер біздің нарыққа өтеді», - деді Б. Сәрсенов.
Жиында екі өңір арасындағы жүк, жолаушы тасымалдары мәселелері де ортаға салынды. Қазіргі уақытта қазақстандық жақтағы Озинки елді-мекеніне дейінгі жол жөнделген, ал ресейліктер алдағы екі жыл ішінде жолдарын жөндейтінін хабарлады. Мұның өзі жол бойындағы сервисті дамытуға, туризмді дұрыс жолға қоюға өзіндік септігін тигізбек.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
9 Шілде, 17:11
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
10 Шілде, 16:32