Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Қыркүйек, 2015

886

«Әр тіл өзінше ұлы....»

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарғысымен ана тілі мен өз еліне сүйіспеншілік пен сыйластыққа тәрбиелеу және ұлыстардың салт-дәстүрлері, тілдері туралы білімді кеңейту мақсатымен, елімізде қыркүйектің үшінші жексенбісінде аталып өтілетін, Қазақстан халқы Тілдер күні мейрамы бекітілді.

Бұл көпұлтты мереке негізінде келесі идея жатыр: әр тіл – барлық адамзаттың рухани мұрасының бір бөлігі, ал әр мәдениет – бұл әлемдік өркениетке қосылатын баға жетпес үлес.

Қазақстан халқы тілдерінің күні аясында «Шаңырақ» тілдерді үйрету мектебінде Республика аумағында өмір сүретін ұлыстардың мәдениеті, тарихы, тұрмысы жайын әңгімелейтін іс-шаралар өткізілуде.

13 қыркүйек орыс тілі мұғалімі Жақсыбаева Инара Марұланқызы ашық сабақ өткізді.

Оқушылар 3 топқа бөлініп, әр топ ережелер, лексика мен фонетика туралы білімдерін тексеріп жарысты. Сонымен қатар мақал-мәтелдер мен оларды сахналау сайысы да болды. Балалар еліктіргіш тапсырмаларды сүйсініп орындады, олардың нәтижесі бойынша барлық топ құрмет грамоталарына ие болды.

Кейін қарай