23 Сәуір, 2025
255
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
2025 жылғы 23 сәуірде Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Кеңейтілген отырыстың күн тәртібі – «Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы: қорытындылар және болашақ міндеттер».
Отырысқа ҚР Президентінің Ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі Арман Қырықбаев, ҚР Парламентінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшелері, республикалық этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері, ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері қатысты.
Ассамблея институтының елдегі бірлік пен келісімді нығайтудағы рөлі, сондай-ақ еліміздегі ауқымды өзгерістер барысындағы ерекше маңызы атап өтілді.
Ассамблеяның 30 жылдығы аясында атқарылып жатқан жұмыстар мен оған қоғамның кеңінен атсалысуы айтылды.
Кеңес қатысушылары Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жыл ішіндегі этносаралық бірлік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесін, «Әралуандықтағы бірлік», «Біз әртүрліміз – бірақ теңбіз» қағидаттарын қоғамда сақтау мен ілгерілетудің маңызын ерекше атап өтті.
Кеңес барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің алдағы бағыттары талқыланды, атап айтқанда этномәдени бірлестіктер қызметін, ҚХА Ақсақалдар және Аналар кеңестерінің жұмысын, ҚХА қайырымдылық қызметін, этномедиация институтын, ғылыми-сарапшылық қызметін, «Ассамблея жастары» ұйымының жұмысын т.б. дамыту және жандандыру мәселелері сөз етілді.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты