14 Қыркүйек, 2016
1302
«Құрбан айт» мерекесіне арналған қайырымдылық іс-шарасы
13 қыркүйек күні «Қайырымдылық керуені» жобасын іске асыру аясында Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығы «Құрбан айт» мұсылмандар мерекесіне орай қарттар мен жағдайы нашар отбасыларына арналған қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Аталмыш мейрамның дәстүрі бойынша 20 шақты отбасына құрбанға шалынған малдың еті таратылды.
Одан басқа «Нұр Отан» партиясы жастар қанатының өкілдері үйлердің ауласы мен ішін жинастыру, азық-түлік сатып алып беру мақсатында ардагерлер мен қарттардың өмір сүріп жатқан жағдайларымен танысты.
Бұл ретте, «Құрбан айт» мерекесі қарсаңында «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығының ақсақалдар кеңесі жыл сайын әлеуметтік көмекке мұқтаж, жағдайы нашар отбасыларының тізімін құрастыратынын айта кеткен абзал. Аталмыш тізімге, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, жағдайы нашар отбасыларды, жүріп-тұру мүмкіншіліктері шектеулі адамдарды жатқызуға болады.
Қайырымдылық акциясының барысында «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығының атқарушы директоры Низамутдинова Земфира Махмедовна «Құрбан айт» мерекесінің ұлылығын атап өтіп, осы күндері көмек қажетсінгендерге қолғабыс көрсетудің маңыздылығына тоқталды.
Іс-шара соңында көмек алған отбасылардың баршасы аталмыш акцияның ұйымдастырушыларына өздерінің ризашылығын білдірді.
Астана қаласы әкімдігінің жанындағы
«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:52
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
27 Маусым, 14:47
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті