Қазақстан халқы Ассамблеясы

31 Мамыр, 2016

1346

«Қырғыз мәдениеті фестивалі»

Қырғыз мәдениеті көне заманнан дамыған. Оның қалыптасуына ежелгі орта ғасырда Алтай және Шығыс Түркістан аумағынан қоныс аударған түрік тайпалары зор әсер етті. 

Солтүстік Қазақстан облысында 300 жуық қызғыздар тұрып жатыр, тарихи отанынан алыс өмір сүргендеріне қарамастан, өздерінің дәстүрлері мен ғұрыптарын құрметтейді, этностың тілін, мәдениетін, тарихын сақтауға бағытталған, сондай-ақ қоғамның негізгі құндылықтары: бейбітшілік, келісім, махаббат, толеранттылық және өзара түсіністікті насихаттайтын іс-шаралар өткізеді. 

Облысымызда қырғыздардың қоғамдық бірлестігі 2008 жылғы 27 ақпанда құрылды және жеті жыл бойы Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы өткізетін іс-шараларға белсенді қатысуда, тілді, тарихты, әдебиетті сәндік-қолданбалы өнерді игеру жолымен қырғыздар этносының төл мәдениетін сақтау саясатын жүргізеді.

2016 жылғы 26 мамырда Достық үйінде қырғыз мәдениетінің фестивалі өтті, оған Петропавл қаласының шығармашылық ұжымдары, Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясы Әскери институтының курсанттары болып табылатын Қырғызстан әртістері, «Манас-Петропавл» орталығының жеке орындаушылары, Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен өкілдері қатысты.

Іс-шара басталардан бұрын Достық үйінің залында ұлттық мәдениетті, тұрмысты және әдет-ғұрыптың ерекшеліктерін бейнелейтін сәндік-қолданбалы өнер көрмесі ұсынылды.

Іс-шара әскери оркестрдің орындауындағы аспапты туындымен ашылды. Кіші сержант Алмас Сарыбаев жетекшілік ететін ансамбль барабандарының дыбыстары бүкіл залға жайылды. «Жас қанат» облыстық эстрада әндері конкурсының І орын иегері курсант Айбол Тәжібаев қазақ тілінде ән шырқады. 

Ұлттық гвардия курсанттарының орындауындағы Отан туралы өлеңдер жан тебірентті.

Қырғыз халық биін билеген Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясы Әскери институты курсанттарының өнері айрықша жайдарлы да жарқын болып, жақсы көңіл-күй сыйлады.

   

   

 

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ

 «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

 

 

 

Кейін қарай