Қазақстан халқы Ассамблеясы

20 Мамыр, 2024

121

Көкшетауда «Қазақстан татарлары: тарихы, мәдениеті, тілі, әдебиеті» атты ғылыми-практикалық конференция өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі» жобасы аясында Көкшетау қаласында «Қазақстан татарлары: тарихы, мәдениеті, тілі, әдебиеті» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияның жұмысына ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының сектор меңгерушісі Қайрат Баймульдинов, «Қазақстандық татар және башқұрт конгресі» РҚБ басқарма төрағасы Тауфик Каримов, Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Алин, сондай-ақ ғалымдар, Ресей, Ақмола және көрші облыстардағы оқу орындардың оқытушылары, этномәдени бірлестіктер мен жұртшылық өкілдері қатысты.


Достық үйінің фойесінде Қазақстанның, Ақмола облысының және Көкшетау қаласының татар жазушылары мен журналистерінің кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Пленарлық отырыстан кейін конференция жұмысы «Тарих және мәдениет», «Тіл және әдебиет» атты екі секция бойынша жалғасты. Онда қатысушылар мен онлайн режимде қатысқан Қазақстан мен Ресейдің 12 қаласынан 23 университет, ғылыми орталықтар мен ұйымдарының ғалымдары татар этносының тарихы мен бүгінгісітуралы өз баяндамаларын ұсынды және ғылыми зерттеулер саласында теориялық және практикалық тәжірибелерімен алмасты.

Бірлік, достық пен өзара түсіністік – еліміздің шынайы байлығы мен игілігінің кепілдігі болса, біртұтас шаңырақ астында бейбіт өмірсүріп жатқан тату халқымыз – Қазақстанның басты мақтанышы екенін аталмыш конференция тағы да растады.

Кейін қарай