
25 Шілде, 2016
1163
«Қыздарға пайдалы кеңес»
22 шілдеде Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жас қанат» жастар ұйымының қатысуымен кәсіби сарапшылармен «Барлық жастағы әйелдер үшін кеңестер» атты кездесу өтті.
Аталмыш іс-шараның мақсаты әйелдерге репродуктивтік денсаулықты сақтау, жалпы денсаулықты күту тәсілдері туралы ақпараттар жеткізу.
Арнайы шақырылған медициналық үйлестіруші, дәрігер-хирург Сүлеймен Серік Кебенұлы түрлі аурулар мен алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері, салауатты өмір салтын сақтау бойынша пайдалы кеңестерді көп айтты. Сондай-ақ, акушер-гинеколог Сақтағанова Алтын Сәрсенқызы да өз тәжірибесімен бөлісті.
«Видергебурт» неміс этномәдени бірлестігінің өкілі Клее Маргарита Оттовна қыздармен «Әйелдер үшін пайдалы кеңестер. Дәстүрлі емес емдеу әдістері. Үйде медициналық көмек көрсету. Үй өсімдіктерін күту» деген тақырыптарға әңгіме жүргізді.
Іс-шара соңында Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері тәжірибелі мамандар берген бағалы кеңестері үшін алғысын білдіріп, Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан сыйлықтар табыс етті.
МОӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
сегодня, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты