Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Шілде, 2023

166

КӨҢІЛДІ ӘРІ ПАЙДАЛЫ ДЕМАЛЫС

2023 жылдың 27 шілдесінде Жамбыл облысы ҚХА-ның атынан 5-9 сынып аралығында білім алатын әртүрлі этнос өкілдерінің балалары Ақмола облысы, Бурабай ауданына қарасты Щучинск қаласына жол тартқан болатын.

Олар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының бекітілген жоспарына сәйкес «Біз біргеміз- Қазақстан!» атты ҚХА балаларының кездесуіне қатысып, жазғы демалыстарын ойдағыдай өткізді.

Бірнеше күнге жоспарланған іс-шараларға белсенді қатысып, пайдалы әрі тиімді уақыт өткізулеріне оқу-сауықтыру орталығы үлкен мүмкіндік сыйлады.



Кейін қарай