Қазақстан халқы Ассамблеясы

22 Қыркүйек, 2023

270

ОРАЛДА «ҚХА ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ ЖӘНЕ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БІРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ РӨЛІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ қолдауымен 2023 жылғы 20-22 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қазақстану» ғылыми-ағартушылық жобасы аясында еліміздегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін насихаттау бойынша республикалық лекторий ұйымдастырды.

Лекторий жұмысына республикалық этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы, ғылыми-шығармашылық зиялы қауым, депутаттар, қоғамдық пікір көшбасшылары, оның ішінде азаматтық қоғам институттарының өкілдері, сарапшылар мен Ассамблеяның қоғамдық құрылымдарының өкілдері қатысты.

Лекторий топтары «Қазақтану» жобасы аясында тәжірибе алмасуға, этносаралық қатынастар тақырыбы бойынша өзекті идеяларды насихаттауға, семинарлар мен шеберлік сабақтарын ұйымдастыруға баса назар аударды. Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенділері мен қоғамдық құрылымдарының өзара іс-қимылы және тәжірибе алмасуы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары арқылы халықтың кең бөлігін қамтуға мүмкіндік береді.

Қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, осындай іс-шараларды өткізу еліміздегі қоғамдық келісімді арттыру және ұлттық бірлікті нығайту стратегиясын бірлесіп әзірлей отырып, тәжірибе, идеялар мен ұсыныстар алмасуға мүмкіндік беретін платформа құруға ықпал ететінін атап өтті.


Іс-шарада тарих ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Өмірбай Бекмағанбетов ел қауіпсіздігінің кепілі бірлік туралы баяндады; Батыс Қазақстанның киелі географиясы тақырыбында ҚР еңбек сіңірген өлкетанушысы, Шыңғысхан атындағы Дүниежүзілік академияның Құрметті академигі, «Халық үміті» РҚБ-ның жетекші ғылыми қызметкері Ғизат Табулдин; «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы, ҚХА Кеңесінің мүшесі Тимур Жұмырбаев сөз сөйлеп, Ассамблеяның заманауи имиджін қалыптастыруға жастарды тарту бойынша атқарылып жатқан жұмыс әдістерімен бөлісті; БҚО ҚХА Татуласу орталығының басшысы Алау Рахишева мен БҚО ҚХА төрағасының орынбасары Данильбек Саратов медиация, толеранттылықты күшейту және дамыту мәселелерін қозғады.


Сонымен қатар, республикалық лекторийдің пленарлық отырысы барысында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» ХХХІІ ҚХА сессиясында айтылған Ассамблея қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ Президенттің ағымдағы жылдың 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдары өкілдерінің қатысу мәселелері талқыланды.

Өз кезегінде этномәдени бірлестіктердің өкілдері орталықтардың қызметі, жастарды тәрбиелеу және мемлекеттік тілді үйрену туралы айтып берді. Спикерлер Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін нығайту бойынша ұсынымдар әзірледі.

Іс-шара аясында облыстық Ассамблея белсенділері облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.



Кейін қарай