
15 Наурыз, 2017
2366
14 наурыз - Көрісу мейрамы
14 наурыз - Көрісу мейрамы, ол біздің өңірде жаңа жыл деп есептелген. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Ежелгі кезде, яғни қазақ халқы көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан уақытта, көктемдегі күн мен түннің теңелу құбылысына бір аптадай уақыт қалған кезде өздерінің мал-жанын түгендеп, қыстан аман шыққандарына қуанып, қуаныштары мен сәтсіздіктерін әңгімелеп, келе жатқан Наурыз мерекесіне дайындалған.
Көрісу күні әр үйдің қазанында міндетті түрде ет асылады, бірақ арнайы ешкімді шақырмайды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәттісімен қосып молынан қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір–біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен туыстарына кіріп, көрісіп шығады. Міндетті түрде әр адам үш үйдің есігін ашу керек, яғни түске дейін үш үйге кіріп, көрісіп үлгеруі керек.
14 наурыз күні Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында Бүкіләлемдік қазақтар қауымдастығының облыстық филиалы Көрісу мерекесіне арналған іс-шара өткізді. Тағылымды іс-шара барысында ұйымдастырушылар қонақтарды қазақтың ұлттық "көрісу" салт-дәстүрімен таныстырып, ұлттық тағамдарынан ауыз тиюге шақырды.
Іс-шара барысында қонақтарды Бүкіләлемдік қазақтар қауымдастығы филиалының төрағасы Өтепберген Әлімгереев құттықтап: «Біз жыл сайын дәстүрлі түрде ата-бабадан келе жатқан Көрісу мерекесін тойлаймыз. Халықтың басты құндылығы – Отанға деген махаббаты, өзара татулығы мен бірлігі. Біз осындай ұлттық дәстүрлерімізді ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып келеміз. Барлығыңызға бірлік пен татулық тілеймін», - деді.
Оқу орнының студенттері де өз кезегінде би билеп, ән айтып, домбырамен күй тартып қонақтарға керемет көңіл-күй сыйлады.
Алдымызда - Наурыз мейрамы келе жатыр. Ол – көктем мерекесі, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың басы, жаңа өмір. Енді бүкіл елдің адамдары бір біріне өкпелерін кешіріп, бірлік пен келісім, туыстық және достық қарым-қатынас жаңарту үшін бір-бірімен қол алысады.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Expo» көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесі өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Наурыз мейрамымен құттықтады
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесуі өтті
-
Алматыда Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамында қайырымдылық іс-шарасы өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
сегодня, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
Ұқсас жаңалықтар
-
«Expo» көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесі өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Наурыз мейрамымен құттықтады
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесуі өтті
-
Алматыда Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамында қайырымдылық іс-шарасы өтті