Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Наурыз, 2024

95

Алматыда Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамында қайырымдылық іс-шарасы өтті

Алматы қаласындағы республикалық Достық үйі мен «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» ҚБ, «ATA YORD-NOMAD» әзірбайжандар этномәдени бірлестігі» РҚБ, «Қазақстан күрділерінің «Барбанг» қауымдастығымен бірлесе Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамында облыстық арнаулы әлеуметтік қызметтерді қажет ететін балаларды қолдау орталығында қайырымдылық іс-шарасы өтті.

Қайырымдылық іс-шараға этномәдени орталықтардың басшылары мен мүшелері және республикалық Достық үйінің қызметкерлері қатысты.

Балалар қонақтарға арнап Наурыз мейрамына арналған концерттік бағдарламаларын ұсынды. Шара барысында «Қазақстан күрділерінің «Барбанг» қауымдастығының төрағасының орынбасары Мирзоев Рафик кішкентай бүлдіршіннің тұсауын кесті.

Кейін қарай