Қазақстан халқы Ассамблеясы

07 Желтоқсан, 2022

396

2022 жылғы 7 желтоқсанда бірыңғай күн аясында барлық облыс орталықтарында дәрістер өтті

2022 жылғы 7 желтоқсанда бірыңғай күн аясында барлық облыс орталықтарында: «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдарының қоғамдық келісім мен бірлік саласындағы рөлі» тақырыбында дәрістер өтті.

Ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Дәрістер қоғамдық келісім мен бірлікті қамтамасыз етуде Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдарының рөлін арттыру және осы бағыттарды жандандыру мақсатында өткізілді. Жобаның лейтмотиві: «Әралуандықтағы бірлік», «Әртүрлі пікір – Бір ұлт» ұстанымдары және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы. Әр өңірде лекторлық топтар құрылды, олардың қатарында ғылыми және шығармашыл зиялы қауым, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғамдық пікір жетекшілері, сарапшылар, Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдардың өкілдері бар.


Дәрістер тақырыптарының аясында келесі мәселелер қарастырылды:

- қоғамдағы татулық пен келісімді сақтау үдерісінде Ассамблеяның қоғамдық құрылымдары төңірегінде халықты топтастыру;

- Әділетті Қазақстан идеясын жүзеге асыруға барлық азаматтарды тарту;

- мемлекеттік тілді түрлі этнос өкілдері арасында ілгерлету және үйрену;

- біріктіруші құндылықтарды қалыптастыру арқылы қазақстандық этностардың мәдени мұрасы мен дәстүрін сақтау және дамыту;

- қазақ халқының біріктіруші рөлін айшықтау;

Іске асырылып жатқан міндеттер аясында өзекті бірігу идеяларды ілгерілету ҚХА жетістіктерін өнегелі үлгі ретінде көрсету басты назарда болды.

Республика бойынша жалпы қатысушылар саны – 2 000 жуық адам.


Павлодар облысы


Солтүстік Қазақстан облысы


Қарағанды облысы


Маңғыстау облысы

Ақтөбе облысы

Кейін қарай