Қазақстан халқы Ассамблеясы

20 Ақпан, 2020

1436

21 ақпанда бүкіл әлем ана тілі күнін атап өтеді

21 ақпанда сағат 17.00-де елордалық Достық үйінде (Б. Момышұлы даңғылы, 24/9) «Рухани жаңғыру» және Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Радима» беларусь этномәдени орталығы «Абай және көптілділік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

Іс-шараға көрнекті ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА мүшелері шақырылды.

Халықаралық ана тілі күні ЮНЕСКО-да 1999 жылы құрылды және 21 ақпанда Тіл және мәдени әралуандықты қорғау мақсатында аталып өтеді. ЮНЕСКО-ның бағалауы бойынша, әлемнің 6 мың тілдерінің жартысына жойылып кету қаупі төніп тұр және қорғауды қажет етеді.

Кейін қарай