Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Наурыз, 2025

95

Ақмола облыстық ҚХА өнерпаздарының байқауы өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясы 30 жылдығына арналған шығармашылық ұжымдар республикалық фестивалінің өңірлік кезеңі аясында Көкшетау қаласында Ақмола ассамблеясы өнерпаздарының байқауы өтті. Байқауға Көкшетау және Степногорск қаласының этномәдени орталықтарының ән және би ансамблдерінің мүшелері қатысты.

Еліміде алғашқы рет ұйымдастырылған фестиваль ережесі бойынша өңірлік жеңімпаздар республикалық кезеңге қатысуға жіберіледі.
Мәдениет саласының білікті мамандарынан құралған қазылар алқасының шешімімен Ақмола облысының татарлар мен башқұрттар бірлестігі жанындағы «Ғалиябану» халық және «Йолдыз» би ансамблі, Ақмола облысының орыс қауымы бірлестігі жанындағы «Русская песня» халық ансамблдері 2 дәрежелі дипломдармен, ал Ақмола облысының поляктар бірлестігі жанындағы «Степове квяты» ансамблі, Степногорск қаласының «60+» би ұжымы 3 дәрежелі дипломммен марапатталды.

Ал бірінші орынға «Бұл ән бұрынғыдан өзгерек» және «Реченька» әндерін орындаған «Ақмола облысының орыс қауымдастығы» бірлестігінің мүшесі Эвелина Титова лайқты деп табылып, республикаға жолдама алды.

Кейін қарай