
08 Тамыз, 2016
738
Ақмола облысындағы Медиация күні
2016 жылғы 5 тамызда Кокшетау қаласындағы «Қоғамдық келісім» КММ-де (Достық үйінде) Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының облыстық сотпен бірлесе отырып ұйымдастыруымен «Медиация күні» республикалық акциясы өтті. Аталған іс-шарада кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, облыстық және қалалық соттың судьялары, отставкадағы судьялар мен БАҚ қатысты. Аталған іс-шараның мақсаты тұрғындар арасында медиация институтын жанжалдар мен дауларды сот пен құқық қорғау органдарының қатысуынсыз шешудің перспективалық және баламалы әдісі ретінде насихаттау болып табылды.
Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марал Қажыкенқызы Жақыпова құттықтау сөз сөйлеп, қоғамдағы медиацияның рөлі мен «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы медиация кабинетінің жұмысы туралы айтып берді. Сонымен қатар, акция қатысушылары алдында Ақмола облыстық сотының отставкадағы судьясы, Қоғам мен соттардың өзара іс-әрекеттері жөніндегі кеңесінің төрағасы Темірхан Балтайұлы Қасымов сөз сөйледі.
«Медиация күні» республикалық акция және Достық үйіндегі медиация кабинетінің Ашық есік күндері аясында кәсіби және кәсіби емес медиаторлармен Көкшетау қаласы азаматтарын қабылдау жұмыстары жүргізілді. Әртүрлі мәселелер бойынша тегін кеңес берілді. Қатысушыларға медиация кабинетінің координаттары мен сенім телефоны көрсетілген буклеттер мен флаерлар таратылды. Тұрғындардың ақпараттан хабардар екенін бағалау мақсатында қатысушылар арасында сауалнама жүргізілді.
Іс-шараның салтанатты ашылуында БАҚ-тарды қоса алғанда барлығы 70 адамнан астам қатысты. Кеңес алу үшін медиация кабинетінің қабылдауында 18 адам болып, олардың жүгіну себептері негізінен еңбек және отбасы мәселелеріне қатысты болды.
Этносаралық қатынастар мәселелері бойынша шағымдар болған жоқ, мұның өзі өңірдегі жағдайдың жақсылығын білдірсе керек.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Ақмола облысы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
17 Маусым, 22:41
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
17 Маусым, 22:45
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
сегодня, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Ақмола облысы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады