28 Тамыз, 2024
245
Ақмолада өткен ҚХА «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мектепке жол» акциясы дәстүрлі түрде өтетін маңызы зор қайырымдылық шаралардың біріне айналып отыр.
Басты мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсетіп, қолдау білдіру.
Аталмыш акцияға Ақмола облысы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдары, атап айтқанда, «Манас» қырғыз, «Чинсон» корей, «Бари» армян этномәдени орталықтары мен Аналар кеңесі белсенді қатысты.
Игі шара аясында «Санги Кабуд» тәжік этномәдени бірлестігі Көкшетау қаласындағы Достық үйінде аз қамтылған және көпбалалы 27 отбасынан шыққан баланы мектепке арналған құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті.
Жалпы ҚХА-ның «Мектепке жол» акциясы басталғалы Ақмола облысы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдары 629 балаға 7,9 млн. теңге сомасына, оның ішінде «Санги Кабуд» тәжік этномәдени орталығы 550 балаға 7,0 млн. теңгеге көмек көрсетті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
9 Шілде, 17:11
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
10 Шілде, 16:32