
29 Тамыз, 2016
1122
Ақ орамал –көпұлтты Қазақстанның бейбітшілік нышаны
Адамзатты ажал сепкен соғыс қатерінен мүлде арылту үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауымыз керек.
Н.Ә. Назарбаев
26 тамыз күні Достық үйінің конференц-залында «Ақ орамал» акциясы аясында «Ақ орамал –көпұлтты Қазақстанның бейбітшілік нышаны» атты жастар мен аға буынның кездесуі өтті.
Аталған іс-шараға Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, дін басылары, Қарағанды облысы дін істері басқармасының мамандары, ардагер аналар, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.
Жанға жайлы кездесуді №52859 әскери бөлімінің ата-аналар кеңесінің төрайымы, Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі М.Фатеева жүргізді. Мария Дмитриевна өз сөзін барша жиналған қауымды ядролық қарумен күресшілердің айтулы шарасы – Семей ядролық полигонының жабылуының 25 жылдық тойымен құттықтады. Сонымен қатар, ол «Ақ орамал» акциясының өскелең ұрпаққа қазақстандық патриотизмді ұялатуға, жастарға Отанға деген махаббат пен шын берілгендігін дарытуға, бір-біріне деген толеранттылықты сақтауға, адамзаттың санасынан соғыс атаулыны түбірімен жоюға, отбасылық құндылықтарды сақтауға, көпұлтты Қазақстан халқын қоғамдық тыныштық пен өзара түсінушілікті сақтауға қосқан үлесін атап өтті.
Кездесу ұрпақтар сабақтастығындағы межелі нүкте ретінде үлкендердің жастарға махаббатпен қамқорлықпен айтылған кеңестерінің, жеке тәжірибелерінің негізінде бейбітшіліктің әрбір мемлекетте ғана емес әрбір жанұядағы орнын ашты.
Үлкендердің қолымен байланған орамал – көптеген ұлттарда жастарға берілетін бата мен мархабаттың белгісі, олар өткен түзу жолға бет түзеудің ырымы.
Іс-шара барысында көпбалалы ардагер ана Жәмилә Брендельге, жас ана Дарья Валитоваға, жанұялар: Виктор мен Татьяна Чинаевтарға, Бекзат Айтпаев пен Жұлдыз Мукушеваға Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан ізгілік пен бейбітшіліктің нышаны – ақ орамалдар мен естелік ретінде кітаптар табысталды. Орамал байлаушылар қарапайым қатарында ана, әйелдер мен әжелер ғана емес, сонымен қатар, этномәдени бірлестіктердің белсенді өкілдері, түрлі қауымдастықтың төрайымдары мен Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері болды. Олар жастарға деген тілектері мен лебіздерін жылы ілтипатпен түрлі тілде айтты.
Облыстық «Рідне слово» украин тілінің серіктестігінің құрметті төрағасы Николай Матияшин аталған акцияны қолдайтынын айтып, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ел тұтастығы мен бірлігін ғана емес, сонымен қатар, әлем тыныштығын сақтаудағы рөлінің орасандығын айтып кетті.
Қарағанды мешітінің имамы өз сөзінде іс-шара нышаны – Ақ орамалдың ислам дініндегі маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, Мұхаммед пайғамбардың өзі ақ түсті жақсы көрген және хадисте жазылған ең ыңғайлы әрі жарасымды киім – ақ түсті киім.
Қарағанды Епархиясының дін маманы ақ орамал сенімнің нышаны ретінде кезінде христиан шіркеуін ұмытылудан сақтағанын айтты.
Сондай-ақ, Іс-шара қонағы, суретші П.Андриюктың қызы Людмила Павловна облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының кітапхана қорына достықтың белгісі ретінде әкесі туралы жазылған естелік кітабын сыйлады.
Қарағанды облысы жастар ресурсы орталығының өкілі Тұрсынбекова Мәдина өз сөзінде : «Әрбір іс жеке адамнан басталып, жұмыла келе үлкен күшке ие болады. Біздің әлемге деген көңіліміз ата-анамызға, жақындарымызға деген шынайы көңілімізден басталады» ,- деді.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – бұл «Ақ орамал» акциясының рухани әрі философиялық маңыздылығын жеткізу, соғыс пен қоғамдық тәртіпсіздіктер орын алған мемлекеттерді қарусыздандыру, өскелең ұрпақ үшін жаңа қарусыз дәуірдің есігін айқара ашу.
Қарағанды облысы әкімі аппаратының
"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі
e-mail: info@kelisim.kz
Ұқсас жаңалықтар
-
«Бейбітшілік пен келісім үшін бірге жеңіске жеттік» тақырыбында халықаралық стратегиялық сессия өтті
-
«Қазақстандағы бірлік пен ынтымақтастық саясаты: тәжірибесі мен болашағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзі
-
«Ассамблея жастары» ұйымының мүшелері Ақтау қ. маңында ұшақ апатынан қаза болғандарды еске алды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау қаласының маңында болған қайғылы ұшақ апаты туралы жаңалықты күйзеліспен қабылдады
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
Ұқсас жаңалықтар
-
«Бейбітшілік пен келісім үшін бірге жеңіске жеттік» тақырыбында халықаралық стратегиялық сессия өтті
-
«Қазақстандағы бірлік пен ынтымақтастық саясаты: тәжірибесі мен болашағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзі
-
«Ассамблея жастары» ұйымының мүшелері Ақтау қ. маңында ұшақ апатынан қаза болғандарды еске алды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау қаласының маңында болған қайғылы ұшақ апаты туралы жаңалықты күйзеліспен қабылдады
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы