
01 Қыркүйек, 2016
886
«Ақ орамал» - Қостанай облысында
Өңірде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонда ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV Саммитінде жариялаған «Әлем. XXI ғасыр» Манифесі шеңберінде Семей ядролық полигонының жабылуының 25 жылдығына арналған бірқатар іс-шаралар болып өтті.
-Көпұлтты және көпконфессиялы мемлекетте өмір сүріп жатқан біз әлбетте бейбітшілікті қалап, соғыстың, жер шарында қақтығыстардың болмағанын тілеп, адамзат келешекке нық сеніммен қарағанын қалаймыз. «Ақ орамал» акциясының символы - өмірдің, ана мен бейбітшіліктің символы ақ, кіршіксіз орамал болуы да кездейсоқ емес. Ақ түс қазақ халқы үшін жанның тазалығын, кеңдігін, маңыздылығын көрсетеді, - дейді облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Гүлвира Құдайқұлова. – Қазіргі қиын кезеңде ортақ үйімізде бейбітшілік пен ынтымақ орнығу үшін біз рухани, күшейіп, бірігуіміз қажет!
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі Күлпеисов Руслан мен Сымбаттың некесін тіркеу рәсіміне қатысып қайтты. Аналар кеңесінің төрайымы Шушаник Саркисян Руслан мен Сымбатты құттықтап, «бейбіт өмір ер адамдар бастамасымен жасалады, ал оны қолдайтын әйелдер», - деп атап өтті. Сондай-ақ, Қостанай қаласы Аналар кеңесінің төрайымы Марина Донскова да жастарға ұзақ, бақытты отбасылық өмір тілеп, ақ раушан гүл шоғын сыйласа, бес баланың анасы Ақжан Алтынбаева қалыңдыққа ақ орамалды сыйға тартты.
29 тамыз күні облыстық Достық үйі этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, қалалық білім беру бөлімінің қызметкерлері Жеңіс паркінде саяси қуғын-сүргін құрбандарына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоғын қойды. Содан кейін Қостанай перзентхана орталығына бет алды. Мұнда көп балалы патронат ана Гүлжауһар Төлегенова жаңа босанған Айнұр Жұмаділоваға гүл ұсынып, ақ орамал сыйлады.
-Мен тұңғышым Әли-Мансұрды жеті жыл күттім. Ұлым Конституция күні қарсаңында туғанына өте қуаныштымын, – дейді көзіндегі қуаныш жасын жасыра алмаған Айнұр. – Әрине мен әрбір ана сияқты Қазақстанның барлық балалары бейбіт, берекелі елде тұрсын, ешқашанда ядролық сынақтар өткізілмесін, соғыс болмасын, деп тілеймін. Біз бұл өмірге қайғы, мұңға батуға емес, қуанышқа бөленуге келеміз.
Содан соң Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келiсiм» КММ конференц-залында «Бейбітшілік құндылықтары отбасынан басталады» атты диалогтық алаңша өткізілді. Оған облыстық Ассамблеяның Аналар кеңесі мүшелері, білім беру саласы өкілдері, психологтар, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, этномәдени бірлестіктер өкілдері, жастар белсенділері қатысты.
Осындай іс-шаралар облыстың барлық аудандары мен қалаларында болып өтті.
Қостанай облысы әкімдігінің
«Қоғамдық келiсiм» КММ баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Қостанай облысы
-
Қарағандыда ҚХА 30 жылдығына арналған «Ақсақалдар тағылымы – адал қоғамның кепілі» салтанатты іс-шарасы өтті
-
Ақтөбе облысында ҚХА 30 жылдығына орай бірқатар шаралар өтті
-
Маңғыстау облысында ҚХА 30 жылдығы аясында шығармашылық ұжымдардың республикалық фестивалінің облыстық кезеңі өтті
-
Абай облысында этномедиация институтын дамыту мәселесі талқыланды
-
Қостанай облысы ҚХА Этномедиация кеңесінің мүшелері 2024 жылғы жұмысын қорытындылады
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
10 Шілде, 16:32
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
14 Шілде, 16:11
Этнографиялық көрме: ортақ мұра – ортақ құндылық
14 Шілде, 15:03
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Қостанай облысы
-
Қарағандыда ҚХА 30 жылдығына арналған «Ақсақалдар тағылымы – адал қоғамның кепілі» салтанатты іс-шарасы өтті
-
Ақтөбе облысында ҚХА 30 жылдығына орай бірқатар шаралар өтті
-
Маңғыстау облысында ҚХА 30 жылдығы аясында шығармашылық ұжымдардың республикалық фестивалінің облыстық кезеңі өтті
-
Абай облысында этномедиация институтын дамыту мәселесі талқыланды
-
Қостанай облысы ҚХА Этномедиация кеңесінің мүшелері 2024 жылғы жұмысын қорытындылады