Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Ақпан, 2025

225

Қарағандыда ҚХА 30 жылдығына арналған «Ақсақалдар тағылымы – адал қоғамның кепілі» салтанатты іс-шарасы өтті

2025 жылғы 21 ақпанда Қарағандыда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Ақсақалдар тағылымы – адал қоғамның кепілі» салтанатты іс-шарасы және Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің «Адал азамат-қоғам бірлігінің негізі» тақырыбында кеңейтілген отырыс өтті.


Шарада Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов және Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Әбіл Еркін, Аңалар кеңесінің мүшелері мен басқа да қоғам белсенділері құттықтау сөз сөйледі.


Республикалық отырыс барысында Марат Әзілханов әрбір қазақстандыққа бірлік пен келісім құндылықтарын жеткізудің маңыздылығын атап өтті. Ол сондай — ақ Ассамблея - жай ғана институт емес, Қазақстан халықтарының өзара түсіністігі, құрметі мен достығының символы екендігін баса айтты. Ассамблея елдегі этносаралық келісім мен тұрақтылықты сақтап қана қоймай, нығайту үшін одан әрі дамудың негізгі бағыттарын айқындайды.

«Адал азамат» жобасын жүзеге асырудағы Ақсақалдар кеңесінің жұмысы туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ұлтаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин баяндады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі мен Ақсақалдар Кеңесінің бес әлеуметтік кемшілікті болдырмау және «Салауатты сана» принципін қалыптастыру бағытында бірлесіп атқарған жұмысы туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Баян Ахатай мәлімдеді.



Кейін қарай