Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Қыркүйек, 2022

776

«Ақ отауға – ақ бата» облыстық форумы

2022-жылғы 27-тамызда Жетісу облысы, Алакөл ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясында «Ақ отауға – ақ бата» облыстық форумы өтті.

Шара ең алдымен аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен бастау алды.

Форумға қатысушылар мен қонақтар аудандық этномәдени орталықтар ұйымдастырған қолданбалы өнер шеберлері мен қолөнершілерінің, музыкалық аспаптар, ұлттық тағамдар көрмесін тамашалады.


Форумда Алакөл ауданы әкімінің орынбасары М.Төлеужанов кіріспе сөз сөйлеп, іс-шараның отбасылық және ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі маңыздылығын атап өтті.

Облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Несіпжамал Баймадиева қоғамдық және саяси өмірге белсенді қатысатын аналардың рөлі, өскелең ұрпақты тәрбиелеудің басымдығы туралы айтты.


Іс-шара барысында жоба аясында Алакөл ауданында арнайы дайындалған келін түсіру дәстүрі көрсетіліп, жаңа көтерген шаңырақ иелерінің некелері ұлттық дәстүрде қиылды.

Іс-шара Аналар кеңесінің мүшелерін алғыс хаттармен марапаттап, концерттік бағдарламамен аяқталды.

Кейін қарай