
10 Шілде, 2024
351
Ақтөбе қаласында ҚХА Журналистер клубының көшпелі отырысы өтті
Ақтөбе қаласында Aqtobe IT Hub базасында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен толеранттылықты нығайтуда, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтауда БАҚ қызметін шоғырландыруға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының көшпелі отырысы өтті.
Іс-шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты – ҚХА Журналистер клубының төрағасы А. Сатвалдиев, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Г. Елеуов, ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығының, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, «MediaNet» халықаралық журналистика орталығының, Конрад Аденауэр атындағы қордың өкілдері, журналистер, блогерлер, мемлекеттік органдардың баспасөз хатшылары және т.б. қатысты.
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Г. Елеуов, Конрад Аденауэр атындағы қордың ҚР өкілдігінің директоры Йоханнес Д. Рай ҚХА Журналистер клубы отырысының қатысушыларына арнап алғы сөз сөйледі.
ҚР Парламенті Сенатының депутаты – ҚХАЖурналистер клубының төрағасы А. Сатвалдиев өз сөзінде этносаралық қатынастар саласын ақпараттық сүйемелдеудің ерекшеліктеріне және жарияланатын ақпараттың дұрыстығы үшін жауапкершілік толықтай БАҚ-қа жүктелетініне тоқталды. Сонымен қатар ол ҚХА Журналистер клубының көшпелі отырыстарын өткізу медиа саласындағы жаңалықтармен алмасу, пайдалы ақпарат алу және тиімді орта құру үшін өте маңызды екендігін атап өтті.
ҚР МАМ БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Қ. Ахетов ҚР «Масс-медиа туралы» Заңының басым бағыттары бойынша ақпарат берсе, ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті әдістемелік қамтамасыз ету және ақпараттық-түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Г. Алпысбай этносаралық қатынастарды дамытудағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөліне тоқталды.
Әрі қарай іс-шара аясында этносаралық қатынастар саласындағы ақпараттық жұмыстың тиімді әдістері мен құралдары бойынша семинар-тренинг өтті. Тәжірибелі медиа-жаттықтырушы, «Сұрауы бар» YouTube арнасының авторы, журналист Е. Сейілханэтносаралық қатынастар саласын ақпараттық сүйемелдеуде YouTube әлеуметтік желісінің мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану туралы айтты, әлеуметтанушы, PaperLab зерттеу орталығының директоры С. Бейсембаев «Араздық тілін» анықтау әдістемесімен және ақпараттық кеңістіктегі этносаралық жанжалдың алдын алудың 10 ережесімен бөлісті, сондай-ақ «Этносаралық тақырыпты БАҚ-та жариялау тәсілдері бойынша ұсынымдар және этносаралық қақтығыстар кезінде көрнекі ақпараттың дұрыстығын тексеру» тақырыбында Factcheck.kz бас редакторы Д. Смақов өз тәжірибесімен бөлісті.
Семинар соңында белсенді қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
вчера, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
вчера, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті