26 Қараша, 2020
927
Ақтөбе облысының әкімі ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған шараға қатысты
Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырған «Ортақ шаңырақ астында» атты шарасына қатысты.
Өңір басшысы осыдан 25 жыл бұрын Елбасының бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдағы орны мен бір шаңырақ астында ұлттар мен ұлыстарды біріктірудегі рөлдің ерекшелігін атап өтті.
- Халқымызда «Бірлігі бар елдің босағасы берік» деген дана сөз бар. Мағынасы терең, мазмұны ойлы бұл даналықтың нәтижесін біз өз өмірімізден күнделікті анық көріп, ашық сезініп жүрміз. Бірлік болмаған жерде тұрақтылық та, даму да болмайды. Бірлігіміз бекем болсын, баршаңызды маңызды мереке 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын", - деп атап өтті О.Оразалин.
«Шатлык» Ақтөбе облыстық татар және башқұрт этномәдени, «Әзірбайжандар Қауымдастығы», «Оксана» Ақтөбе облыстық украиндар ұлттық - мәдени орталығы» қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері атқарылған жұмыстары туралы баяндады.
Сондай-ақ, облыс әкімі 18 этномәдени бірлестіктің төрағаларына жыл сайынғы қаржылай сыйақысын табыстап, Аналар Кеңесінің мүшелері мен «Бірлік» волонтерлік орталығының белсенділеріне ҚХА төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевтың атынан алғыс хаттармен марапаттады.
Cалтанатты шара этномәдени бірлестікдердің шығармашылық ұжымдарының мерекелік бағдарламасымен жалғасты.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
вчера, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
вчера, 14:19