Қазақстан халқы Ассамблеясы

14 Сәуір, 2017

965

Ақтөбеде Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы талқыланды

2017 жылдың 13 сәуірі күні Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында Елбасы Н.Назарбаевтың республикалық «Егемен Қазақстан» газетіне шыққан «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында белгіленген маңызды бағыттарды  талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына облыстық ҚХА хатшылығы, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, ҚХА жанындағы ақсақалдар, аналар кеңестерінің, жастар қанатының өкілдері қатысты. Сонымен қатар, облыстық тілдерлі дамыту және жатар саясаты жөніндегі басқармалардың басшылары, Қазақ-Орыс халқыаралық университетінің студенттері мен қазақ-түрік лицейінің оқушы жастары шақырылды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар, Елбасының жыл басында Қазақстан хлақына Жолдауындағы үшінші жаңғыру, экономикалық жаңғыру мен саяси реформаларды қамтыды деген ойға келді. Біздің басты мақсатымызға жету, яғни әлемнің 30 ең дамыған елдер қатарына қосылу ұлтымыздың ұлттық және рухани мәдениет сақталмаса, мол тарихымыз бен ұлттық салт-дәстүрлерді алдағы өркендеудің діңі етпей мүмкін емес.

Цхай Константин Валентинович, кәріс этномәдени бірлестігінің төрағасы:

- Терроризм мен радикалды ағымдармен күресіп жатқан қазіргі заманда рухани жаңғыру жайлы айту өте орынды. Елбасы ата бабаларымыздың ұлы қасиетітерін қай түлетуіміз қажет, прагматизм, яғни өзіңнің ұлттық байлығыңды біліп, болашақты жоспарлай білу, ел дамуының айқын жолы деп атап өтті. Біз алға нақты мақсаттар қоя біліп, ұлттық рухымызды бойымызда қалдыруымыз қажет.

Сонг Ши Менг, Корея Республикасының азаматы, Ақтөбе қаласындағы «Седжонг» корей институның директоры:

- Мен қазақ тілін үйренуді 8 жыл бұрын, облыстық тілдерді дамыту басқармасы жанындағы тегін тіл үйрену орталығында үйреніп бастадым. Мен қазақ тілі барлық қазақстандықтарды біріктіретін тетікке айналғанын қалаймын. Мен үшін тілдерді білгенім жеке бәсекеге қабілеттілігімнің көрінісі деп білемін.

Свет Олег Григорьевич, Ақтөбе қаласы №9 орта мектептің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі:

Мұғалім әрі филолог ретінде маған Елбасының мақаласында айтылған гуманитарлық бағыттағы 100 ең жақсы оқулықтарды әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аудару туралы жобасы қатты ұнады. Өйткені, бұл біздің жас студенттер мен мамандарымызға білімі жағынан жаһандық бәсекеге дайын болуға әсерін тигізеді.

Кейін қарай