04 Шілде, 2022
579
Ақтөбеде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің Республикалық «Мәдениетті ана - мәдениетті ұлт» жобасы аясындағы «Кешкі шәй» форматындағы кездесуі өтті
28 маусым күні Ақтөбе облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің Республикалық «Мәдениетті ана - мәдениетті ұлт» жобасы аясындағы «Кешкі шәй» форматындағы кездесуі өткізілді.
Іс-шараның мақсаты - қоғамда әйел мен ананың рөлін, отбасы құндылықтары мен отбасы институтының маңыздылығын, сондай-ақ жастар мен болашақ ұрпақты рухани-адамгершілік пен патриоттыққа тәрбиелеудегі ата-аналардың рөлін арттыру.
Іс-шара барысында аналар кеңесінің күнделікті тынымсыз тыныс-тіршілігі, өзектi мәселелері отбасыдағы ұрпақ тәрбиесi мен бірқатар ауқымды бастамалары, барлық жағымды жаңалықтарға толы қадамдары, қоғамдағы өміршең өзгерістері туралы бейнесюжет LED экран арқылы көрермендерге ұсынылып, тамашаланды.
Сонымен қатар, Шалқар аудандық аналар кеңесінің төрайымы М. Бекетова аудандағы қайырымдылық істерін атқаруға арналған «Мейірім керуені» атты әлеуметтік кабинеттің жұмысы туралы ақпарат берсе, Ырғыз аудандық аналар кеңесінің мүшесі, аудандық мәслихат депутаты, «Этноауыл» жобасының жетекшісі Қ.Берекеш ұлттық тәрбиенің негізін сақтап, кейінгі ұрпаққа қалтқысыз күйінде жеткізуде, ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлерді жаңғыртудағы қызметін баяндаса, ал, «Берік отбасы-берік мемлекет» қағидасын дәріптеп, интернационалдық отбасы құндылықтарын насихаттап жүрген отбасылардың отаналары Шалқар ауданынан келген, көпбалалы ана Е.Жилбаева, Ақтөбелік Н.Штемпель мен Р.Клютова ұлтаралық бірлік пен келісімнің киелі бесігі, тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағы отбасы екендігін баяндады.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты