22 Сәуір, 2022
155
Ақтөбеде семинар өтті
21 сәуір күні Ақтөбе қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында облыс көлемінде аудандық ішкі саясат бөлімі басшысылары мен кәсіби және қоғамдық медиаторлардың қатысуымен "Дауларды реттеудегі медиатор құралдары мен медиация негіздері" такырыбында семинар өткізілді.
Семинарға Ақтөбе облыстық ҚХА Хатшылығының меңгерушісі, облыстық және аудандық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, кәсіби және қоғамдық медиаторлар, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, БАҚ қатысты.
Аталмыш семинарды Ақтөбе облысы медиаторлар кеңесінің басшысы тренер-медиатор С.А.Балпеисова жүргізіп, медиация – тараптарының ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиаторлардың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауларды реттеу, шешу бағыттары туралы айтылып, нақты ақпараттармен іс-жүзінде тәжірибе келтірді.
Бұдан әрі медиация бағытының жергілікті жерлерде атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде Ырғыз ауданының кәсіби медиаторы Л.Ізімгалиева, Қобда ауданының кәсіби медиаторы М.Раева, Шалкар ауданынан қоғамдық медиатор Е.Абдікаримовтер сөз алып, тәжірибелерімен бөлісті. Олар ауылдық жерлердегі, мектептердегі дауларды шешудің жолдары, бағыттары, медиацияны дамытудың маңызы туралы ойларын ортаға салды.
Шара соңында семинарға қатысушы медиаторларға арнайы сертификаттар табысталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Түркістанда алғыс айту күніне арналған мерекелік концерт өтті
-
ҚХА кафедралары Алғыс айту күнін атап өтті
-
Өңірлік ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының отырысы өтті
-
Белгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың өмірі мен шығармашылығына арналған іс-шара өтті
-
Елордалық ҚХА Аналар кеңесінің осы жылғы қорытынды отырысы өтті
-
Қалалық ҚХА Журналистер клубының қорытынды отырысы өтті