23 Қараша, 2020
406
Ақтөбеде «Шатлык» татар және башқұрт бірлестігінің 25 жылдығы тойланды
Ақтөбе қаласы «Қоғамдық келісім» КММ-нің салтанат залында ҚХА-ның 25 жылдығы аясында «Шатлык» татар және башқұрт этномәдени бірлестігінің «Уақытпен сыналған достық» тақырыбында мерейтойлық іс-шарасы өтті.
Салтанатты шараға Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, Татарстан Республикасының Қазақстандағы Өкілетті өкілінің көмекшісі Аяна Акынжанова, облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Айбек Купенов, «Шатлык» татар және башқұрт ЭМБ жанындағы ақсақалдар Кеңесінің төрағасы Равиль Курбангалиев, өңірдегі ЭМБ төрағалары, «Қоғамдық келісім» КММ-нің сарапшы-мамандары, «Шатлык» ЭМБ-нің мүшелері мен БАҚ қатысты.
Аталмыш шараның негізгі мақсаты - ҚХА-ның 25 жылдығы мен Ақтөбе облысы «Шатлык» татар және башқұрт ЭМБ-нің мерейтойын кеңінен атап өту. Этномәдени бірлестіктің 25 жыл ішінде атқарған жұмыстарын насихаттап, Қазақстанның – достығы жарасқан ұлттар ұясына айналғандығын дәріптеу болды.
Салтанатты шара татар және башқұрт ұлтының қазақ жеріне қоныстануы, мәдениеті мен тілінің дамуы тарихы сөз болған конференциядан басталды. Сондай-ақ, мұнда «Шатлык» ЭМБ-нің 25 жылда жеткен жетістіктері мен алдағы жоспарлары да айтылды.
Одан әрі мерекелік құттықтау және марапаттау үшін сөз кезегі облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбетке берілді. Ол өз кезегінде «Шатлык» ЭМБ-не өңір басшысы Оңдасын Оразалиннің арнайы құттықтауы мен алғысын жеткізіп, Ақтөбе облысының қоғамдық-саяси және мәдени өміріне татарлар мен башқұрттардың белсене қатысатындығына тоқталып өтті. Одан әрі ол этномәдени бірлестік мүшелеріне Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің алғыс хаты мен өз атынан марапат қағаздарын табыстады.
«Шатлыктың» шаттығын бөлісуге келген меймандардың қатарында Нұр-Сұлтан қаласындағы ТР-ның ҚР-ғы Өкілетті өкілінің көмекшісі Аяна Акынжанова да болды. Мерекелік лебізін жеткізген қонақ «Шатлык» ЭМБ өкілдерін Елшілік атынан және Бүкіләлемдік татарлар конгресі атынан марапаттап, «Татар халқының тілі мен мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісін табыстады. Атап айтсақ, марапатқа ие болғандардың қатарында «Шатлык» ЭМБ-нің төрағасы Эльвира Хабибуллина, жексенбілік мектептің татар тілінің мұғалімі Сания Насибуллина, «Язгы моннар» халықтық ән-би ансамблінің мүшесі Рамзия Есембаева, «Мирас» жастар қанатының белсенділері Розалия Исхакова мен Эльвира Насибуллина болды.
Мерейтойлық іс-шара «Шатлык» татар және башқұрт ЭМБ-нің халықтық ұжымдарының дайындаған мерекелік бағдарламасымен жалғасты. Концерттік бағдарлама аясында «Язгы моңнар» халықтық ән-би ансамблі, «Сайра гармун» халықтық ансамблі, «Сәйлән» балалар үлгілі ән-би ансамбльдері өнер көрсетіп, қонақтарға музыкалық сәлемдемелерін жолдады. Іс-шара татар тіліндегі «Туган көн» әні және қонақтарға татар халқының ұлттық тағамы чак-чак таратылып, отшашумен аяқталды.
Айта кетейік, «Шатлык» ЭМБ 1995 жылы құрылды. Орталықтың ең алғашқы төрағасы Ибрагим Терегулов болды. Кейін 1999 жылдың 25 мамырында орталық «Шатлык» Ақтөбе қалалық татар-башқұрт халықтық мәдени орталығы» болып өзгертіліп, төрағасы ретінде Равиль Курбангалиев сайланады. Араға 19 жыл уақыт салып, 2015 жылы орталық – «Ақтөбе облысының «Шатлык» татар және башқұрт» Қоғамдық бірлестігі атауы болып заңды түрде өзгертіліп, күні бүгінге дейінгі төрағасы Эльвира Хабибуллина сайланады. Бүгінде Ақтөбе облысында 9394 татарлар мен 778 башқұрт ұлтының өкілдері тұрады. ЭМБ жанында Ғ.Құрмашев атындағы жексенбілік мектеп, ақсақалдар мен ардагерлер Кеңестері, ғылыми-тәжірибелік Кеңес, «Ак калфак» әйелдер Клубы, «Мирас» жастар қанаты, «Язгы моңнар» халықтық ән-би ансамблі, «Сәйлән» үлгілі балалар ән-би ансамблі, «Сайра гармун» халықтық ансамблі мен театр үйірмесі жұмыс жасайды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Семейде «Біздің керемет қаламыз» атты жастар арасында пікірсайыс ұйымдастырылды
-
Елордада «Қырық қыз» қаhармандық дастаны тақырыбында халықаралық конференция өтті
-
Түркістан облысы ҚХА жанындағы Ғылыми-сарапшылық топтың жетекшісі сайланды
-
ШҚО ҚХА меценаттар клубының мүшесі, кәсіпкер Михаил Луневтің семинары өтті
-
Өскеменде медиация саласының арқасында айырылысу алдында тұрған 80% отбасы татуласқан
-
Елордада қарақалпақ ұлтының қаһармандық дастанына арналған конференция өткізілмек
22 Қаңтар, 20:45
Елордада қарақалпақ ұлтының қаһармандық дастанына арналған конференция өткізілмек
22 Қаңтар, 11:08
Өскемен қаласының Достық үйінде жас келіндерге арналған шеберлік сағаты өтті
20 Қаңтар, 11:29
Алматы облысының Достық үйі ертегілерді жазу бойынша аймақтық байқау бастайды
20 Қаңтар, 10:41
Жамбыл облысында мектеп медиациясы қызметін құру мәселелері талқыланды
22 Қаңтар, 20:38
Қарағанды қаласының Достық үйінде ақпараттық сайттың таныстырылымы өтті
САУАЛНАМА
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің алғашқы республикалық форумы қашан өтті?
2011 жылдың 7 қыркүйегі 2013 жылдың 24 сәуірі 2014 жылдың 13 қарашасы
Ұқсас жаңалықтар
-
Семейде «Біздің керемет қаламыз» атты жастар арасында пікірсайыс ұйымдастырылды
-
Елордада «Қырық қыз» қаhармандық дастаны тақырыбында халықаралық конференция өтті
-
Түркістан облысы ҚХА жанындағы Ғылыми-сарапшылық топтың жетекшісі сайланды
-
ШҚО ҚХА меценаттар клубының мүшесі, кәсіпкер Михаил Луневтің семинары өтті
-
Өскеменде медиация саласының арқасында айырылысу алдында тұрған 80% отбасы татуласқан
-
Елордада қарақалпақ ұлтының қаһармандық дастанына арналған конференция өткізілмек